Сұрақтары: «Географиялық ғылымдар жүйесі» түсінігіне анықтама беріп, оны біртұтас ұғым сипатында блок схема түрінде көрсет



бет1/4
Дата10.12.2023
өлшемі1,04 Mb.
#135776
  1   2   3   4

1-тақырып: Физикалық географияның мақсаттары және обьектісі. Атлас және карталармен танысу. Обьектілердің географиялық координатын анықтау.
Сұрақтары:
1. «Географиялық ғылымдар жүйесі» түсінігіне анықтама беріп, оны біртұтас ұғым сипатында блок схема түрінде көрсет.
Біртұтас ғылыми білім жүйесінде географиялық білімдердің өзіндік орны бар.
География жер бетін қурастыратын күрделі территориялық жүйелерді зерттейді. Бул жүйелер: табиғи, әлеуметтік және табиғи-қоғамдық болып бөлінеді.
Географиялық ойлаудың мәні -кеңістік заңдылықтарына талдау жасай білу, геожүйелер мен олардың компоненттерінің арасындағы өзара байланыстарды қазіргі әлемнің географиялық картинасына түсінік беретін тарихи әдістемелер негізінде анықтау. Ғылыми болжам жасау - ғылымның баға жетпес таланты. Географ әр түрлі материалдарды пайдалана отырып, жер беті мен оның жеке аудандарындағы табиғат пен шаруашылықта болатын өзгерістерге болжам жасай білуі керек.
Қазіргі географтар жер бетінің күрделілігі мен қайталанбас ерек-шеліктерін түсіндіретін көптеген заңдылықтарды ашты: географиялық қабықтың зоналылығы мен ырғақтылығы, геожүйелердегі зат және энергия айналымы, геожүйелердің космоспен байланысы, әр түрлі елдердегі шаруашылық дамуы тағы басқалар. Сонымен, әлем туралы географиялық білім уақыт өткен сайын кеңейіп отырады, ол табиғи процестердің динамикасы, мухит суларының жағдайы мен циркуля-циясы, шаруашылықтағы езгерістер туралы мәліметтермен жыл сайын толығып отырады. Қазіргі уақытта жер бетіндегі экологиялық жағдайлар: ауа мен судың ластануы, шөлдің таралуы, топырақ түздануы тағы басқа мәселелер зерттелуде. Карталарда сстихиялық табиғат апаттары: жер сілкінуі, цунами, дауылдар, су тасқыны тағы басқалар Жер шары халқына, шаруашылығына зиянын тигізетін қубылыстар керсетілуде. Табиғат, халық, шаруашылық туралы мәліметтер негізінде белгілі бір территорияның сипаттамасын жасау-тек географтың қолынан келетін шаруа. Сондықтан географияның сырт көзге жеңіл пән болып керінуі бекер.


2.Бүкіл географиялық ғылымдардың және физикалық географияның жекелеген салаларының зерттеу обьектісін айқындап, анықтама бер. Физикалық география немен айналысады, оның зерттеу обьектісі не?.
Физикалық география - табиғат көрінісін және табиғат құбылыстарының себебі мен таралу заңдылықтарын зерттейді, грек тілінде "физис" - "табиғат" деген ұғымды білдіреді. 
Физикалық географияда материктер, мұхиттар, материктің бөліктері туралы қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет