71.Босанудың ІІ кезеңі басталып, аяқталды:
+ Күшену басталғаннан басталып, нәрестенің туылуымен аяқталады
Жатыр мойнының толық ашылуымен басталып, нәресте туылуымен аяқталады
Жатыр мойнының толық ашылуынан нәрестемен бала жолдасының туылуымен аяқталады
Күшену басталғаннан басталып, нәрестемен бала жолдасының туылуымен аяқталады
Нәресте туылғаннан басталып, бала жолдасының туылуымен аяқталады
72.45 жасар әйел. Гинекологтың қабылдауында «жатыр мойнының рагы» болжамалы диагнозы қойылды. Диагнозды дәлелдеу үшін қажет зерттеу әдісін көрсетіңіз
A Артқы күмбезді пункциялау
B Бактериоскопиялық зерттеу
C Кольпоскопия
D Жатыр мойны өзегін қыру
E + Жатыр мойнынан биопсия алу
73.Дауыс дірілінің күшеюі қай кезде байқалады
A Өкпенің серпінділігі жойылғанда
B Сұйықтық жиналғанда
C + Өкпе тіні тығыздалғанда немесе қуыс үстінде
D Қуыс үстінде
E Семіздікте
74.Экспираторлық ентікпе дегеніміз
A Ауаны алу қиын
B + Ауаны шығару қиын
C Ауаны алу және шығару қиын
D Жатқанда дем алу қиын
E Отырғанда дем алу қиын
75. Босану үрдісінің бірінші кезенін тездету үшін ұрық қабындағы акушерлік ота аталады:
A + Амниотомия
B Краниотомия
C Эпизиотомия
D Клейдотомия
E Лапаротомия
76. 35 жастағы бірінші босанушы әйелге акушерді шақыртты. Жүктілік 35 апта. Күні бойы бас ауруы мазалады, сонғы сағаттарда күшейді, лоқсу пайда болды. Объективті қарау барысында: беттің, қолдың, аяқтың ісінуі анықталды, ққ 170/110 мм. Ұрықтың жүрек соғысы минутына 140. Магнезиальды терапия қолданып акушер ауыр преэклампсия диагнозын қойып шұғыл көмек көрсете бастады. Сульфат магнезиясының старттық дозасын көрсетіңіз
A + 10-15 минут бойы 20 мл 25 % mgso4 к/т баяу еңгізу
B 10-15 минут бойы 5 мл 25 % mgso4 к/т баяу еңгізу
C 10-15 минут бойы 10 мл 25 % mgso4 т/і баяу еңгізу
D 10-15 минут бойы 20 мл 20 % mgso4 к/т баяу еңгізу
E 10-15 минут бойы 20 мл 15 % mgso4 т/і баяу еңгізу
77. 39-40 аптада босанудың 1 кезенінде болашақ ана перзентханаға түсті. 5 сағаттан кейін сау қыз баланы дүниеге алып келді. Сәби туылғаннан кейін акушер құрсақта екінші бала болуын анықтау үшін ішке пальпация жасады. Құрсақта екінші бала болмауына көзі анық жеткенде акушер қан кетудін алдын алу шараларына кірісті. Акушер қандай дәрі-дәрмек қолданды
A 2,0 папаверин, б/е
B 1,0 метилэргометрин, б/е
C 1,0 дицинон, б/е
D + 2,0 окситоцин, б/е
E 2,0 анальгин т/і
Достарыңызбен бөлісу: |