243. Жүкті әйел әйелдер кеңес орнына келу ерте деп саналады?
Жауабы: 12апта 244. Сары дене бөлетін гормон?
Жауабы: Прогестерон 245. Қалыпты жағдайда жатыр мойны толық ашылуы?
Жауабы: 10-12 см 246. Қалыпты жағдайда құрсақ ішілік ұрықтың 1мин ішіндегі жүрек соғысының реттілігі?
Жауабы:110/160 247. Мезгіліне жеткен жүктілік перзентханаға түскен 35жастағы алғаш босанушы әйелдің жамбас өлшемдері өлшенді, 23-25-28 18 см екендігі анықталды? Қандай патология деп ойлайсыз?
Жауабы: Тар жамбас 248. Сегізкөз мүйісімен қасаға буынының сыртқы төменгі қыры арасындағы өлшем қалай аталады?
Жауабы: диагональді конъюгата 249. Сазонов Бартельс топтастыру бойынша 2 ші кезең ауруларын атаңыз?
Жауабы:Метрит 250. Бала емізіп жүрген әйел дәрігерге жүктіліктен сақтанудың табиғи дәстүрлі әдістерімен кеңес алуға келді. Баласы 2 айлық емшекпен емізеді. Сіз қандай әдісті ұсынасыз?
Жауабы: Емшекпен тамақтандыру 251.Мерзімінен бұрын босану кезеңінде ұрықтың РДС дамуының алдын алу үшін дексаметазонның қанша мөлшерін қанша мөлшерін тағайындау ұсынылады?
Жауабы: 6мг тәулігіне 2рет, 2күн (РДС -респираторлы дистресті синдром)
252. Көпұрықты жүктіліктің бір немесе екі ұрық екенін қалай анықтауға болады?
Жауабы: Бала жолдасын қарау 253. Босанудан кейінгі 4ші күні әйелдің дене қызуы 38градуска көтерілді.Жатырдан бөлінетін лохия аз мөлшерде, іріңді қан аралас. Карау барысында жатырдың кері дамуы кешіккен . Бактериоскопиялық тексеріс нәтижесінде көп лейкоциттермен жасуша ішінде орналасқан диплококтар анықталды. Диагноз?
Жауабы: Созды эндометрит 254.Перзентханаға басы асқазан тұсы ауырып,көзінің алды қарауытып жүкті әйел түсті. Жүктіліктің 38 апта, жамбас өлшемдері қалыпты, ұрықтың жүрек соғысы анық. Босану қызметі басталмаған. Қағанақ суы түгел. АҚ 100/70. Кіші дәретінде ақуыз бар, аяғы ісінген. Диагноз?