637. Науқасқа көктамырға дәрі енгізу кезінде ентігу, АҚ төмендеуі, жүрек айнуы, бас айналу пайда болды. Осы жағдайдағы мейірбикенің тактикасын анықтаңыз:
енгізуді тоқтату және дәрігерді шақыру
638.Науқас әрбір жөтелген сайын алқызыл көбікті қанның бөлінуі бойынша мейірбике палатаға шақырды. Қандай шұғыл жағдай дамыды?:
өкпеден қан кету
639.Буындардың таңертең қозғалмай қалуы қандай ауруда кездеседі?
ревматоидтық артрит
640. Терапия бөліміне А. атты 27 жастағы пациент мынадай шағымдармен келді: жөтелмен қиын бөлінетін тұтқырлы қақырық, ентігу, әр күні бірнеше рет тұншығу ұстамасы мазалайды. Қарағанда тыныс алу жиілігі минутына 32 рет , өкпеде ысқырықты құрғақ сырылдар естіледі. Пациентте анықталған өзгерістер қайсы ауруға тән?
Бронх демікпесі
641.25 жастағы пациенттің шағымдары: қақырықты жөтел екі аптадан бері мазалайды, кеуде тұсында ауырсыну әлсіздік, түнде дене температурасының 37,5 дейін жоғарылауы, жүдеу. Объективті тексергенде: өкпенің жоғарғы бөлігінде бәсең везикулярлық дыбыс, құрғақ сырылдар, тыныс алу жиілігі 24 рет 1 мин. Қандай ауру деп ойлайсыз?
өкпе туберкулезі.
642.Семіздікпен ауыратын 48 жастағы әйелді, оң қабырға астындағы ауырсыну мазалайды. Ауырсыну оң жауырынға, қолға, оң жақ мойынға берілді. Сонымен қатар жүрек айну, құсу байқалады. Қандай ауру деп ойлайсыз?