Срс Тынысбек Альбина
. Пара алу
. Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның не лауазымды адамның, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамының пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) осы адамның қызметтiк өкiлеттiктеріне кiретін болса не ол лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсiздiкке) ықпал жасай алатын болса, сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе жол берушілігі үшін өзіне немесе басқа адамдарға ақша, бағалы қағаздар, өзге мүлiк, мүлiкке құқық немесе мүлiк сипатындағы пайда түрiнде жеке өзi немесе делдал арқылы пара алуы –
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жиырма еселенгеннен елу еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жетпіс еселенгеннен сексен еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Егер сыйлықтың құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамның бiрiншi рет сыйлық түрiнде мүлiкті, мүлiкке құқықты немесе өзге де мүлiктiк пайданы алуы бұрын жасалған заңды әрекеттерi (әрекетсiздігі) үшiн алдын ала уағдаластық болмаған кезде маңызы аз болуына байланысты қылмыс болып табылмайды және тәртiптiк немесе әкімшілік тәртіппен қудаланады.
Ескерту. 366-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Пара алудың объективті жəне субъективті мазмұнын анықтау
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 311бабында мемлекеттік қызмет атқаруға өкілетті адамның не оған теңестірілген адамның өзі немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-əрекеті (əрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлікке құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алу, егер мұндай іс-əрекет мемлекеттік қызметтер атқаруға өкілетті адамның не оған теңестірілген адамның қызметтік өкілеттілігіне кіретін болса не ол қызметтік жағдайына байланысты осындай іс-əрекетке (əрекетсіздікке) мүмкіндік жасаса, сол сияқты жалпы қамқоршылық немесе қызметі бойынша жол берсе пара алу болады делінген.
Пара алудың заңдық құрамы бұрынғы заңдарға қарағанда едəуір жетілген, бірақта оның кейбір мəселелері қылмыстық құқық қолдан екінші қолға пара затын тікелей өткізу, ал параның көмескі түріне сырттай қарағанда заңды болып көрінетін, бірақ пара алу субъектісінің көрсетілген қызметі үшін істеліп отырылған заңсыз іс-əрекеттер (мысалы, картадан өтірік ұтылу, жақсы демалыс ұйымдастыру, қайтарымсыз қарыз беру жəне т. б.)
Пара алудың объективтік жағынан басқа белгілері туралы теорияда да, сот тəжірибесінде де біркелкі түсінік жоқ. Оның бəрі пара үшін жасалатын іс-əрекеттің немесе əрекетсіздіктің мəні мен мазмұнына байланысты болып отыр. ҚР Қылмыстық Кодексінің 311 бабының 1 бөлігінің диспозициясында көрсетілгендей мемлекеттік қызметкер атқаруға уəкілетті адам немесе соған теңестірілген адам (пара алу субъектісі) параны өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып төмендегі жағдайларға байланысты алады:
а) пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына өзінің қызметтік өкілдігіне кіретін іс-ірекеттерді жасау;
б) пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына өзінен қызметтік өкілеттігіне кірмейтін іс-əрекеттерді өзінің лауазымдық жағдайын пайдалана отырып жүзеге асыру;
в) жалпы қамқоршылығы мен қызметі бойынша жол беру.
Пара алудың субъектісі жəне субъективтік жағын анықтаудың мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметі мүддесіне қарсы қылмыстың ерекше белгісі болып, оларды арнайы субъектілердің жасауы, яғни жалпы субъектімен салыстырғанда белгілі ерекшеліктерімен сипатталатын адамдардың жасауы болып табылады. Арнайы субъект белгісінің ерекшелігі төмендегі мəселелерден көрінеді: Олар қылмыс құрамының негізгі белгісі болып көрінеді, бұларсыз осы құрам болмайды. Қылмысты саралау немесе ауырлату жағдайында қылмыс құрамын құрайтын саралау белгісі болып көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |