Срсп №15 Тақырып:«Контроллинг жүйесіндегі ақпараттық қамтамасыз ету»


Контроллинг саласындағы ақпараттық технологиялар



бет2/2
Дата26.12.2023
өлшемі149,18 Kb.
#143694
1   2
Контроллинг саласындағы ақпараттық технологиялар

Контроллинг ретінде менеджменттің қазіргі заманғы техно- логиясы жəне кəсіпорынды басқарудың тиімді құралнамасы есеп- теледі. Оның негізгі мақсаты – компанияның алдында тұрған мін- деттерге жету үшін басқаруды бағыттау. Басқарушылық шешім- дерді қабылдау – мүмкін болатын баламалардың біреуін таңдауға негізделетін мақсатқа сай қызметтің ерекше түрі. Ақпараттық жүйені құру мақсаты – басқарушылық шешімдерді қабылдау үдерісін ақпараттық қамтамасыз ету.
Контроллингтің ақпараттық негіздері ретінде нақты кəсіпор-
ынға жетекшілік ету қажеттілігіне бағытталған басқарушылық
есеп көрсеткіштерінің жүйесі есептеледі. Контроллингтің негізгі
міндеттерінің бірі – кəсіпорынды басқарудың жалпы ақпараттық
жүйелерін құру. Ақпараттық технологиялар нарығында əр түрлі
компьютерлік бағдарламалар қолданылады, олардың қызметтері
басқарушылық шешімдерді жүзеге асыру жəне талдауға негіз-
делген. Ресейлік бағдарламалық қамтамасыз ету нарығында
ұсынылатын бағдарламалардың бірі – «БЭСТ-5. Контроллинг»
бағдарламасы. Бұл бағдарлама компания бизнесінің дамуына жау-
ап беретін менеджерлердің осы міндеттерін шешу үшін құрылған
жəне бағытталған. Берілген бағдарлама келесі негізгі қызметтерді
жүзеге асыруды қамтамасыз етеді:
– басқарушылық есеп мəліметтерін жинау, жалпылау жəне шоғырландыру;
– бюджет құру үдерісін ақпараттармен қамтамасыз ету; – басқарушылық шешімдерді қабылдауда ақпараттық қолдау
көрсету. «БЭСТ-5. Контроллинг» бағдарламасы бюджет құру үдерісін
тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
– бюджет баптарының жиынтығын құру;
– бюджет құру жəне нақты нəтижелерді есепке алу бағытында
құжат айналымын ұйымдастыру;
– кəсіпорындардың əр түрлі бөлімшелері арасында бюджет
құру жəне оның орындалуына жауапкершілікті бөлу;
– бөлімшелердің функционалды бюджеттерін қалыптас-
тыру;
шығындардың нормаларын құру;
– əр түрлі баптар мен құжаттар арасындағы белгілі бір
тəуелділіктер бойынша автоматты түрде бюджетті тең-
дестіру;
– пайда болған ауытқулар мен олардың шығу себептерін тал-
дау;
– консолидациялық қаржы бюджетін қалыптастыру. Бюджеттік жоспарлау жəне бақылау үшін негіз ретінде
басқарушылық есеп мəліметтері саналады. «БЭСТ-5. Контроллинг» бағдарламасының 3 сатылы архитектурасы бар жəне мəліметтерді қолдану арқылы жүзеге асырылады.
БЭСТ бағдарламасының функционалды негізгі ішкі жүйелері:
бухгалтерия;
– салық салу;
– міндеттемелер бойынша есептесулер;
– персонал;
– сатып алулар мен қорлар;
– сату;
– қаржы жүйесі;
– қаржылық жəне оперативті жоспарлау;
– жоспардың орындалуын талдау жəне бақылау.
Компьютерлік бағдарламаларды дұрыс таңдау кезінде кон-
троллингтің құзыретіне енетін қызметті жоспарлау, үйлестіру,
талдау іс-шараларын табысты жүргізуге болады. Бұл əсіресе заңды
жəне жеке тұлғалармен жұмыс жасайтын мемлекеттік салық ор-
гандарында компьютерлік технологияларды енгізу үлкен мəнге ие.
Берілген факторлардың артықшылығы салық құжаттарын өткізуді
жəне қаржылық есептілікті жеңілдетуде, бұл өз кезегінде уақытты
жəне кəсіпорын қаржыларын үнемдеуге алып келеді.Əр түрлі елдерде, аймақтарда жəне континенттерде жұмыс іс тейтін кəсіпорындар үшін ақпараттық жүйелер мен технологиялыққолдау ерекше маңызға ие, бұл «Электронды пошта» арқылы, ин тернет мəліметтерін пайдаланып, қаржы ресурстарын, сондай-ақ ақпараттарды алу жəне қабылдау жылдамдығы, басқа елдердің заңды-нормативті базасын білу өте маңызды болған жағдайда орын алады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет