дәлме-дәл аударымда «астыңғы мәдениет», ірі мәдени құрылым ішіндегі белгілі бір топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді.
3
Контрмәдениет
60-70 жылдары батыс елдерінің жастары арасында таралған қазіргі буржуазиялық мәдениетке рухани қарсылықты көрсету формасы.
4
Урбандалу
еңбек бөлінісінің қоғамдық және аумақтық тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес дамитын әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, географиялық секілді көп жақты қырлары бар күрделі құбылыс.
5
Бұқаралық мәдениет
әртүрлі тарихи кезеңдерде мәдениеттің әлеуметтік жіктелуі процесі нәтижесінде азды-көпті көрініс табатын әлеуметтік мәдени құбылыстардың жиынтығы.
6
Ұлттық мәдениет
белгілі бір ұлт өкілдерінің күшімен жасалған мәдени-рухани мұралардың жиынтығы.