Срсп Тапсырма-2 Тақырыбы



бет1/5
Дата25.11.2023
өлшемі26,49 Kb.
#127629
  1   2   3   4   5
Байланысты:
ЕШТ-212 Психология СРСП





Срсп


Тапсырма-2
Тақырыбы: Қарым – қатынастағы психологиялық кедергілер және п оларды жеңу.

Орындаған:Камилова Гулхаё



Жоспар
І. Кіріспе бөлім
«Коммуникация» терминінің мағынасы;
ІІ. Орта бөлім
Қарым – қатынас психологиясы жайлы ғалымдардың зерттеулері жайында қысқаша мағлұмат;
ІІІ. Қорытынды
Қарым - қатынастағы психологиялық кедергілер және оларды жеңу жолдары;


«Коммуникация» терминіне қысқаша мағлұмат
«Коммуникация» терминін зерттеушілер тек қарым-қатынас құралы ғана емес, оның күнделікті өмірде жиі қолданып, адамдардың бір бірімен қарым-қатынас жасауында маңызды рөл, өзара түсінісуі, топтық түсінісуге, ал топтық пікір алмасу қоғамның жетілуіне жетелейді, - дейді. Коммуникация терминінің өзі жалпы қарым-қатынас, байланыс, бір-бірімен араласу, яғни адамдардың тіл арқылы сөйлеу процесін, тілдік қатынастың ерекшеліктерін, оның қоғамда атқаратын қызметін көрсетеді.Коммуникативтік процесті негізінде вербалды және бейвербалды коммуникация деп екіге бөліп қарайды. Вербалды коммуникация қатынастың сөйлеу арқасында жүзеге асырылады. Сөйлеу арқылы біз табиғи тілдік дыбыстарды cондай-ақ, фонетикалық белгілерді, оның екі негізгі лексикалық және синтаксистік белгілерін түсінеміз. Сөйлеу коммуникацияның универсалды құралы болып табылады, яғни ақпарат беру кезінде оның көмегімен хабарламаның мағынасы беріледі.
Алғаш зерттеу жасаған шығыстың ұлы ойшылы әл-Фараби өзінің «Риторика» атты ғылыми трактатында: «Әңгіме айтатын адамның бет әлпетінің кейпі, оның денесінің тұрқы мен мүшелерінің қалпы сол адамның қылығы болып табылады. Мәселен, осы жағдай тыңдаушыға төніп келе жатқан үрейлі оқиға туралы хабарлаған кезде болады. Бұл сәтте оның бет әлпетінен зәресі ұшу, қорқыныш нышаны аңғарылуы тиіс, немесе ол әлдебір затқа қимыл- қозғалыс арқылы нұсқап, не басқа біреудің нұсқағанын істейді. Бұл оның ақиқаттығына сенімін арттырады...» дей келе, қарым-қатынасқа түскенде адамға тән мінез-құлықтың қаншалықты маңызды екендігін көрсеткен.
Коммуникация теориясының пайда болуы, қалыптасуы, тарихи кезеңдері болды. Коммуникацияның теориялық үлгілері: психоаналитикалық (З. Фрейд, К. Юнг), экзистенциализм (М. Бубер, К. Ясперс), көзқарастық (М. Вебер), футурологиялық (А. Тоффлер) еңбектерінде талданып, ғылыми айналысқа шықты. Солардың нәтижесінде ХХ ғасырдың басында ғылыми әдебиетте коммуникация термині пайда болумен қатар оның төмендегідей үш мазмұны нақтыланды:
- қарым-қатынас - кез келген материалды және рухани әлем объектісінде байланыс құралы;
- қатынас, адамнан адамға берілетін ақпарат (жеке аралық коммуникация);
- қатынас және қоғамда ақпаратпен алмасу (әлеуметтік коммуникация).

Психоаналитикалық үлгінің теориялық ғылымда негізін салған З. Фрейд және К. Юнг коммуникацияны жеке адам өз әуестігін санадан тыс әрекетін ығыстыру деп түсіндіреді.


Экзистенциализм үлгісінің өкілдері М. Бубер және К. Ясперс, коммуникацияны әлемде қараусыз артта қалған деп қарастырады. Нәтижесінде жеке адам қысқа мерзімде мағынасыздықты және жалғыздықты сезіну, әлемде адамның тіршілік етуі ешкімге қажетсіз болып қалуы туындайды.
Мұндай жағдайды философтар «коммуникация дағдарысы» деп атайды.
Көзқарастық үлгісінің негізгі өкілдері болып табылатын М. Вебер, Г.Г. Гадамер, Г. Шпет коммуникацияны адамның басқа адаммен түсінісуі, яғни өзара түсіністік деп қарайды.
Футурологиялық үлгінің өкілдері А. Тоффлер, Д. Белл, Г.М. Маклюэн коммуникацияда ақпараттық қоғамның теориясын ұсынды. Ақпарат мәдениетінің негізі, бұл мәдени құндылық болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет