Срсп Тапсырма-2 Тақырыбы



бет3/5
Дата25.11.2023
өлшемі26,49 Kb.
#127629
1   2   3   4   5
Байланысты:
ЕШТ-212 Психология СРСП

Эмоционалды шектеу - қарым-қатынас атмосферасының құрылуында анықталады. Егер әңгімелесушілер бір-бірін кездестіргенде жасанды қуаныш пен махаббатты сезінсе, онда олар қарым-қатынастағы бақытты минуттарды бұзбау үшін олар өздерінің уайымы мен проблемаларын жасырады. Егер серіктестер эмоционалды суық болса немесе бір-бірімен жауласқан болса, онда олар конфликтіні шектеуге тырысып, қарым-қатынаста масканы қолданады. Мұндай жағдайда әркім өзінің серіктесіне қуаныш сыйлауы өте сирек болады.
Н.И. Шевандрин біздің эмоциямызға негізделген келесі кедергілерді көрсетіп берді:
Жек көру және жиренгіштік кедергісі - күнделікті өмірде жиі кездеседі. Қолайсыз иістер, тер қолдар, әңгімелесушіге тым жақын жүру әдеті - бұның бәрі қарым-қатынастағы серіктесінің жиренгіштік сезімін туғызады. Ал мұның алдын алу үшін гигиена мен әдетке жиі көңіл бөлу керек.
Уайым мен қайғырудан пайда болатын қарым-қатынастағы кедергімен кез-келген адам кездеседі. Қайғырудың адам ойын өзіне аударатыны соншалық, ол адамның ойын басқа адамдарға бұру өте қиын. Қайғыруға себеп әдетте трагедиялық оқиғалар, өзінің жағдайына қанағаттанбаушылықтан, артық физикалық шаршауды сезінуден пайда болады.
Қорқыныш кедергісі - тұлғалар арасындағы қарым-қатынаста кедергі жасайтын жеңуі қиын кедергілердің бірі. Кейбір адамдарда өмірлік қиын жағдайлардан қорқыныш тез туындайды. Қорқыныштың себептері түрлі болып кетуі мүмкін. Сіз бұл қорқыныш кедергісін жеңе алуыңыз, оны қаншалықты дұрыс шеше алуыңызға байланысты.
Ұят пен кінә кедергісі - бұл басқа біреудің немесе өзіне деген қолайсыздықтан туатын кедергі. Ұят адамды сынау немесе жақтау кезінде пайда болады. Ұят пен кінәнің әңгімелесушімен қарым-қатынасты үзетін кездері аз емес. Артық ұялушылықтан зардап шегетін және ұятқа мойынсынбайтын адамдар да бар. Соңғылары өзінде психологиялық қорған құрып алған. Олар көп жағдайларда, оларға сын айтқандарды тыңдамайды, өзіне ақтаушы мотивтер іздейді. Өте төмен және өте жоғары кінәні сезіну адамдар арасындағы психологиялық қарым-қатынасты бұзады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет