«Стандарттау, метрология және сертификаттау»


Тақырыбы: «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» ҚР заңы



бет10/19
Дата15.11.2022
өлшемі0,63 Mb.
#50156
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Тақырыбы: «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» ҚР заңы
Дәріс жоспары:
1 Селекциялық жетістікті құқықтық қорғау
2 Селекциялық жетістіктің патентке қабілеттік шарттары
3 Селекциялық жетістіктің атауы
4 Селекциялық жетістіктің басымдығы
5 Селекциялық жетістікке патент беруге жасалған өтінімнің сараптамасы

Бұл заң селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы қызметтің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді, селекциялық жетістіктерді жасауға, ашуға, шығаруға, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын мүлікті, сондай-ақ олармен байланысты мүліктік емес жеке қатынастарды реттейді.


Селекциялық жетістікті құқықтық қорғау
Селекциялық жетістікке құқық Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалады жэне патентпен расталады. Патент селекциялық жетістікті пайдалануға патент иесінің айрықша құқығын, оның басымдығын және селекционердің авторлығын куаландырады.
Мемлекеттік патент ұйымы (Қазпатент) уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады, ол осы Заңға сәйкес селекциялық жетістіктерге Қазақстан Республикасының патенттерін беру жөніндегі өтінімдерді қарауға қабылдайды, оларға алдын ала сараптама өткізеді, селекциялық жетістіктерді мемлекеттік тізілімін жүргізеді, патенттер береді, селекциялық жетістіктер туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялайды және патент ведомствосының өзіне жүктелген өзге де міндеттерін жүзеге асырады.
Патент қабілеттігі мен шаруашылыққа пайдалылығы жөнінен селекциялық жетістіктерге сараптама жасауды және оларды сынақтан өткізуді мемлекеттік комиссиялар жүзеге асырады, олар өндірісте пайдалануға жіберілген тиісті селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімдерін жүргізеді.
Патент селекциялық жетістікке берілген құқықтық қорғау көлемі сорттың, тұқымның сипаттамасына енгізілген белгілердің жиынтығымен анықталады.
Өсімдіктердің сортына патенттің қолданылу мерзімі Қазпатентке өтінім берілген күннен бастап-25 жыл, мал тұқымдарына-30 жыл, жүзім, сәндік ағыш, жеміс және орман дақылдары сорттарына, оның ішінде олардың қалемшелеріне-35 жыл болады.
Патенттің қолданылу мерзімін патент иесінің өтініші бойынша Қазпатен ұзартады, бірақ ол 10 жылдан аспауы керек.
2 Селекциялық жетістіктің патентке қабілеттілігі
Селекциялық жетістіктің патенте қабілеттік шарттары
Патент жаңалыгы, ерекшелігі, біртектілігі және тұрақтылығы бар селекциялық жетістікке беріледі.
Егер патент беруге өтінім жасалған күнге дейін белгілі бір селекциялық жетістіктің ұрығы немесе басқа да отырғызылатын материалы, асыл тұқымдық материалы мына аумақта:
1) Қазақстан Республикасында-өтінім берілген күнге дейін бір жыл бұрыны;
2) кез келген басқа мемлекетте-өтінім берілген күнге дейін бір жылдық дақылда бойынша төрт жыл бүрын және көп жылдық дақылдар, тұқымдар бойынша алты жыл бүрын сатылмаса және автор немесе оның құқықтық мирасқоры сортты, тұқымды пайдалану үшін басқа адамдарға бермесе, сорт, тұқым жаңа деп есептеледі.
Селекциялық жетістіктерді мемлекеттік тізіліміне тиісті тек пен түр енгізілген күнге дейін пайдалануға рұқсат етілген Селециялық жетістіктерді мемлекеттік тізілімінде тіркелген сорт, тұқым сортқа, тұқымға жаңа болуы жөнінде талап қойылмай-ақ патенке қабілетті деп танылуы мүмін. Бұл орайда басымдық берілетін күн мемлекеттік комиссияға пайдалануға рұқсат ету жөнінде өтінім түскен күн бойынша бегіленеді.
3 Селекциялық жетістікке патент алуға өтінім
Патент алуға өтінім Қазпатентке беріледі.
Автордың немесе оның құқықтық мирасқорының патент алуға өтінім беруге құқығы бар.
Селекциялық жетістік қызмет тапсырмасын немесе қызметтік міндеттерді орындау кезінде жасалған, ашылған немесе шығарылған жағдайда, егер автор мен жұмыс берушінің арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, патент алуға өтінім беру құқығы жүмыс берушіге тиесілі болады.
Егер селекциялық жетістікті бірнеше адам жасаса, ашса немесе шығарса немесе олар авторларының құқықтық мирасқорлары болса, өтінімді сол өтініш жасаушылар беруі мүмкін.
Өтінім сенімхатқа негізделген өкілеттікке сүйеніп, патент алуға байланысты істі жүргізетін өкіл арқылы берілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ уақытша одан тысқары жерлерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегінде хат жазысу мекен-жайын көрсеткен жағдайда, патенттік сенім білдірілген өкілсіз патенттермен байланысты істерді жүргізе алады.
Патенттік сенім білдірілген өкілдің өкілеттілігі оған өтінім беруші немесе патент иесі берген сенімхатпен куаландырылады.
3 Селекциялық жетістіктің атауы
Селекциялық жетістіктің атауы селекциялық жетістікті бір ізге түсіруге мүмкіндік беруге, қысқа болуға, сол немесе соған жақын ботаниқалық немесе зоологиялық түрдің бар селекциялық жетістіктерінің атауларынан өзгеше болуға тиіс. Ол тек цифрлардан ғана тұрмауға, қасиеттеріне, шығу тегіне, селекциялық жетістіктің маңызына, селекционердің жеке басына қатысты жаңылыстырмауға тисі, адамгершілік пен мораль принциптеріне қайшы келмеуге тиіс.
Селекциялық жетістікті пайдаланушыға кез келген адам, тіпті патенттің қолданылу мерзімі өтіп кеткен соң да, сорттың, тұқымның «Селекциялық жетістіктерді» мемлекеттік тізілімінде тіркелген атауын көрсетуге міндетті.
4 Селекциялық жетістіктің басымдығы
Сорттың, түқымның басымдығы Қазпатентке патент алуы туралы өтініш пен селекциялық жетістік сауал-сұрағынан тұратын өтінім берілген күн бойынша белгіленеді.
Басымдық Селекциялық жетістіктерді қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға қатысушы елде бірінші өтінімнің берілген күні бойынша белгіленуі мүмкін (конвенциялық басымдық). Өтініш беруші бірінші өтінімнің конвенциялық басымдық құқығын ол берілген күннен бастап 12 ай ішінде пайдаланады.
5 Селекциялық жетістікке патент беруге жасалған өтінімнің сараптамасы
Алдын ала жүргізілген сараптама
Өтінім берілген күннен бастап екі ай мерзім өткен соң Қазпатент ол бойынша алдын ала сараптама жүргізеді. Алдын ала сараптама жүргізу барысында өтінімге басымдық берілген күн белгіленеді, қажетті құжаттардың бар-жоғы және оларға белгіленген талаптардың орындалуы тексеріледі. Патент беруге жасалған өтінімге алдын ала сараптама екі ай мерзімде жүргізіледі.
Қазпатенттің алдын ала жүргізілген сараптамасының оң нәтиже алынған жағдайда өтінімді одан әрі қарау туралы шешім қабылданады. Өтінімнің және селекциялық жетістік сауал-сұрақтарының көшірмелері мемлекеттік комиссияға жіберіледі.
Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Селекциялық жетістікті құқықтық қорғау қалай жүргізіледі?
2 Селекциялық жетістіктің патенте қабілеттік шарттарын атаңыз.
3 Селекциялық жетістіктің атауы қандай?
4 Селекциялық жетістіктің басымдығы дегеніміз не?
5 Селекциялық жетістікке патент беруге жасалған өтінімнің сараптамасы қалай жүргізіледі?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» ҚР заңы (1999 жылдың 13 шілдесі)
№ 15 дәріс (1 сағат)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет