«Стандарттау, метрология және сертификаттау»


Тақырыбы: Сапа менеджмент жүйесінің ИСО 9000 сериялы



бет2/19
Дата15.11.2022
өлшемі0,63 Mb.
#50156
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
«Стандарттау, метрология ж не сертификаттау»

Тақырыбы: Сапа менеджмент жүйесінің ИСО 9000 сериялы
стандарттар талабына сәйкестігі

Халықаралык деңгейде СМЖ негізі болып ИСО 9000 сериялы стандарттар табылады. Бұл стандарттарды Халықаралық тәжірибе негізінде Халықаралық стандарттау ұйымы АҚШ, Канада және Германияның қатысуымен 1987 жылы әзірлеген. ИСО 9000 сериялы Халықаралық стандарттардың (ары қарай - ИСО 9000 ХС) бірінші бесеуінде өнімнің сапасын қамтамасыз ету жүйелеріне қойылатын талаптар тағайындалған. Бұлардан баска Халықаралық стандарт ИСО 8402 - сапаны қамтамасыз ету облысындағы терминдер мен олардың анықтамаларының үш тілдегі сөздігі әзірленген болатын.


ИСО 9000 ХС екінші нұсқасы 1994 - жылы, ал үшіншісі - 2000- жылы қабылданды. ИСО 9000:2000 ХС нұсқасы ИСО 9000:1994 ХС-нан кұрылымы бойынша едәуір ажырасады және басқа нұсқаларға қарағанда ТQМ-мен жақын үйлеседі.
ИСО 9000:2000 ХС концепциясының негізін үрдістік тәсілдеме кұрайды. Бұрынғы нұсқаларда қарапайым тәсілдеме қарастырылған болса, ІІІ нұсқаның түпкі айырмашылығы - онда үрдістік тәсілдеме қолданылады. ИСО 9000:2000 ХС тәсілдемесі бойынша СМЖ методологиясы тұтынушының қажеттілігіне (мұктаждарына) бағытталған болуы керек.
ИСО 9000:2000 ХС әмбебап болып табылады. Бұл олардың іс мәнінде кез-келген салада қолданыла алатынын көрсетеді. Осы себептен ИСО 9000:2000 ХС алғашқы басылып шығарылғаннан бастап әрекеттердің әртүрлі сфераларында кеңінен қолданыла бастады.
Қазіргі күнде ИСО 9000:2000 ХС әлемнің барлык мемлекеттерімен мойындалады, ұлттық стандарттар ретінде қабылданған және көптеген фирмаларда енгізілген. Әлемде 500 000 СМЖ осы стандарттарға сәйкестікке сертификатталған.
Қазакстан Республикасында шамамен 400 СМЖ сертификатталған. ИСО 9000:2000 ХС кұрылымы төменде көрсетілген.

ИСО 9000:2000 «Сапа менеджментінің жүйесі. Негізгі ережелер және сөздік» Халықаралық стандартында СМЖ-сі сәйкес болуға қажет негізгі ережелер мен принциптер, сондай-ақ қолданылатын терминдер және олардың анықтамалары тағайындалған.
Кәсіпорынды жалпы басқару шегінде СМЖ-сіне қойылатын талаптар ИСО 9001:2000 «Сапа менеджментінің жүйесі. Талаптар» Халықаралық стандартында бекітілген.
ИСО 9004:2000 «Сапа менеджментінің жүйесі. Қызметті жақсарту жөнінен ұсыныстар» Халықаралық стандартында СМЖ-сының нәтижелерін және тиімділігін жақсартуға бағытталған ұсыныстар келтірілген. Стандарт сертификаттау процедурасында немесе контракттар мен регламенттерде қолдану үшін арналмайды.
ИСО 19011:2000 «Сапа менеджментінің жүйесіне және/немесе экологиялық менеджментіне аудит жүргізу бойынша басқарушы нұсқаулар» СМЖ-леріне- және/немесе экономикалық менеджмент жүйелеріне ішкі және сыртқы аудит жүргізуге талаптарды, сондай-ак аудиторлардың компетенциясына және оларға баға беруге талаптарды бекітеді.
Қазақстанда ИСО 9000 Халықаралық стандарттары мемлекеттік стандарт ретінде қабылданған. Бұл жерде «мұқаба» әдісі қолданылған. Стандарттар үшін ҚР СТ ИСО 9000 аббревиатурасы қолданылады.
Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
Ұсынылатын әдебиеттер:

№ 5-6 дәрістер (2 сағат)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет