«Стандарттау, метрология және сертификаттау»


Такырыбы: Сапа менеджмент жүйесін кұжаттандыру



бет5/19
Дата15.11.2022
өлшемі0,63 Mb.
#50156
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
«Стандарттау, метрология ж не сертификаттау»

Такырыбы: Сапа менеджмент жүйесін кұжаттандыру

МС ИСО 9001 стандарттының талабына сай сапа менеджмент жүйесінің кұжатталуы мына мақсатта әзірленуі керек:


- сапаға қойылатын талаптарды нақты бекіту және жасалатын жұмыстарды қамтамасыз ету;
- өнім сапасын және жүйенің қызметі туралы мәліметтерді жиі тексеріп, бекіту;
- өнімдердің және сапаны қамтамасыз ету жұмыстарын бақылау және сәйкестендіру;
- ұйымның жүйе бойынша жүмыс істеу тәжірибесін жетілдіру;
- сапа аумағында жұмыстардың дұрыс орындалуын байқау.
Әрбір кәсіпорынның ұйымдық құқықтық негізін СМЖ құжаттары кұрайды. Ондай құжаттарға мыналарды жатқызуга болады: кәсіпорында қолданылатын нормативтік, техникалық, басқарушы және пайдаланылатын баска да кұжаттар түрлері. СМЖ кұжаттамалык жүйесі төмендегі кестеде көрсетілген.
СМЖ кұжаттамалары жүйедегі жұмыстарды жаңадан өндіруде, тексеруде, дәлелдеуде және қызметтің мәні мен сапасын одан әрі жетілдіруге әсер етеді.
Әрбір кәсіпорын өзіне қажетті құжаттамалар көлемін өзі анықтайды. Ол мынадай факторларға байланысты: кәсіпорынның түрі мен көлеміне, процестің күрделігі, шығарылатын өніммен, көрсетілетін қызметтің күрделігіне, тұтынушылардың талаптарына, қызметкерлердің біліктілігіне және т.б.
Міндетті құжаттамалар жуйесіне мыналар кіреді:
1 Сапа саласындағы саясат және мақсаттар бойынша кұжаттамалық өтініштер;
2 Сапаны басқару;
3 МС ИСО 9001 талап ететін кұжатталған рәсім;
4 Ұйымның жұмыстарының, жоспарларының және бақылау үрдістерінің тиімділігін қамтамасыз етуге қажетті құжаттамалардың түрлері;
5 Процестің сәйкестігін көрсететін жазбалар.
ИСО 9000 стандарттың талабы бойынша әрбір кәсіпорын өзіне қажетті СМЖ құжаттамаларын таңдауға және қандай формада әзірлеуге (қағазда, электрондық түрде, компьютерлік дискіде) құқығы бар. Тек қана міндетті рәсімдердің минималді тізімі анықталған:
- құжаттарды басқару;
- жазбаларды басқару;
- СМЖ ішкі аудиті;
- сәйкес келмейтін өнімдерді басқару;
- түзетуші әрекеттер;
- сақтандырушы әрекеттер;
Кәсіпорында СМЖ енгізудің тиімділігін көрсету мақсатында, құжатталған рәсімнен баска, кәсіпорын өзіне қажетті кұжаттарды әзірлеу керек. Оларға мынадай кұжаттамалар түрлерін жатқызуға болады: үрдіс карталарын, операциялар кестесін, ерекшеліктерін, нормативтік құжаттамалар, жұмыс нұскаулықтары, өндірістік жоспарлар, сапа жоспары жәнс т.б.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
Ұсынылатын әдебиеттер:

№ 9-10 дәрістер (2 сағат)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет