Стандартты электродты потенциал



Дата20.02.2023
өлшемі92,68 Kb.
#69604
Байланысты:
электродтық потенциал


Стандартты электродты потенциал
1865 жылы орыс ғалымы Н. Н. Бекетов (1827 — 1911) металдардың белсенділігінің ығыстырғыш қатарын құрастырды. Оны қазыргі кезде металдардың электрохимиялық кернеу қатары деп атайды

Li→Rb→K→Ba→Sr→Ca→Na→Mg→Al→Mn→Zn→Cr→Fe→Cd→Co→Ni→Sn→Pb→H→Sb→Bi→Cu→Hg→Ag→Pd→Pt→Au

Бұл қатарда металдардың электрон беру, яғни тотықсыздандырғыш қасиеті солдан оңға қарай кемиді. Оңнан солға артады. Басқаша айтқанда әр металл өзінен кейінгілерін тұздар ерітіндісінен ығыстырып шығарады.

Электродты потенциал

Металл мен ерітінді арасында біршама потенциал айырмасы түзіледі. Металл иондарының ерітіндіге бөлінуі қайтымды процесс. Бір кезде динамикалық тепе - теңдік орнайды. Оны былай қысқаша жазуға болады:

Ме  Mеn+ + ne

Мұнда, n – металдың заряды.

Тепе – теңдік орнаған кездегі металл мен оны қоршаған ерітінді арасында пайда болған потенциалдар айырмасын электродтық потенциал дейді.

Алайда, жеке электродтың потенциалын тәжірибе жүзінде анықтау мумкін емес. Электродтың потенциалдық салыстырмалы мәндерін берілген электродты жалпылама қабылданған халықаралық стандарт болып табылатын сутек электродымен комбинирлеп анықтайды. Стандартты сутек электродының потенциалы барлық температурада нөлге тең деп қабылдангған, сондықтан бұл электрод потенциалы - берілген және стандартты сутек электродынан тұратын элементтің ЭҚК-і.

Стандартты сутек электроды газкүйлі сутек ағынымен 1,013-10 5 Па (1атм) қысымда жуылатын және Н+ иондарының активтілігі 1-ге тең қышқыл ерітіндісіне батырылған платина пластинкасынан тұрады. Сутек электроды жұмысы кезінде:

Н2 (г) = 2H+ + 2е~

-реакциясы жүреді.

Электродты потенциал

  • Металдардың стандартты электродтық қатары олардың химиялық қасиетін көрсетеді. Металдың стандартты электродтық потенциалының алгебралық мәні неғұрлым кіші болса, оның соғұрлым тотықсыздандырғыш қасиеті жоғары, тотықтырғыш қасиеті төмен болады. Ең күшті тотықсыздандырғыш литий (Е0 = -3,045) , ал алтын әлсіз (Е0 = + 1,438) Сондықтан алтын ионы Au+3 ең күшті тотықтырғыш, ал литий ионы Li + ең әлсіз.

Электродты потенциал

Салыстырмалы электрод ретінде стандарт сутегі электроды қолданылады. Осы сутегі электродына басқа металл электродтарды жалғау арқылы олардың стандартты электродтық потенциалдарын табады. Мұнда сутегінен активті металдар оған электрон береді де электродтық потенциал мәндері «теріс», ал сутегіне қарағанда активсіз металдар электрон қабылдап, олардың электродтық потенциалдарының мәндері «оң» болады.


Стандартты электродты потенциал

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет