Ал енді мынау Кәкімбек атамыз сонау Мәскеуде 15 жыл жүрді. 10 жыл сонау Өзбекстанда Қарақалпақ елін басқарды. Бұл енді оның қоғамдық-саяси стерві. Ол салада да өзінің үлкен қайраткерлігін көрсеткен тұлға. Ақындығы өз алдына. Міне сонда туған жерге деген үнемі бір алаңдығымен асығып жүрген ғой.
Құстар кетіп барады ұшып,
Еділ менен Оралмен.
Елге жетіп қалармын,
Соларменен ілесіп.
Бұл керемет өлеңге композитор Жағыпар Әлмұханов деген керемет ән шығарды. Бұл Кәкімбек атамыздың поэзиядағы үлкен қыры десек, оның әрбір сөзі әнге сұранып тұр, жырға сұранып тұр. Әндетіп жібергім кеп тұрады. Оны кезінде Нұрғиса Тілендиев ағамыз, Базарбай Жұманиязов, Әсет , Жақсыгелді Сейілов, Мұратхан Егімбаев деген мықты композиторлар ән шығарды. Енді композиторлығына келетін болсақ, бұл кісінің өзінің де көптеген әндері бар, сақталған. Әсіресе жастар арасында 70-80 жылдары жиі айтылды. Қазір де айтылып жатыр.
“Сырғиды аққу айдында, сырғымайды…
Қатар жүрген күндерді сыйлайықшы,
Біреу ерте, біреу кеш бір құлайды.”, - дейді. Сыңар аққуынан айырылған аққудың айдында келе жатқан күйін бейнелейді. Енді бұл дос-жаран бола ма, көңіл түпкіріңіздегі ару бола ма, бұл жерде көп сыр бар. Осындай қарапайым әннің сөзінің өзінде де пәлсапалық тұжырым жатыр. Өмірдегі адамдарға бір-бірін сатпау, бір-біріне деген адалдық, тазалық, мөлдірлікке үндейді.
Сыңсып салған әніне тебіреніп,
Қамыс басы қамығып, су жылайды.
Бұл жерде үлкен картинаны, табиғаттың жылауын бейнеленген. Бұнда сөздің өзі еркін құйылып тұр, ән де келіп тұр. Көп ақындарда сөзі ауыр боп кетіп, әнге келмей жатады. Ал Кәкімбек атамыздың өлеңдері өздері әнге сұранып тұрады. Нұрғиса Тілендиев ағамыз бір үлкен мәдени шарада отырған кезде қолына бір кітапты әкеле қойыпты. Сол кітапты қарап отырып ол кісі қасында отырған бәйбішесі Дариғаны алып кетіпті. Бәйбішесі бітпеді ғой әлі десе, бір ән туды деп, бара салып перненің астына отырып, осы “Жезкиік” әнін әндетіп шығарған.