2011 жылдың көктеміндегі компанияның аса ірі акционерлері: Fidelity Investments (11,1 %), BlackRock (5,7 %), Capital World Investors (5,4 %), компания менеджменті (4,8 %).
2007 ж. қорытындылары бойынша, Starbucks дүниежүзінің 43 елінде 15 700-ден астам кофейнялар ашқан, оның 7500-дейі Starbucks Corporation-ге тиесілі, ал қалғандары лицензия мен франчайзинг бойынша ашылған болатын. Starbucks Entertainment департаменті мен Hear Music брендінің көмегімен компания кітаптар, музыкалық жинақтар мен видеофильмдерді таратады. Ондай тауарлардың көбісі маусымдық және белгілі бір салада сатуға арналған. Starbucks-тың фирмалық балмұздағы және кофені азық-түлік сататын дүкендер де бар. Желінің жалпы персоналының саны - 140 мың. адам. Компанияның 2010 ж.табысы 10,7 млрд.$-ды құрады, оның ішінде таза табысы 945 млн. болды.