қалпына келетін және бизнес модельді кеңейтіп іздеуге арналған уақытша құрылым
ең басты сипаттамасы -жылдам дамуы
жоғары тұрақсыздық жағдайында жаңа өнім немесе қызмет ойлап тапқан ұйым
Стартап бұл жаңа әдіс, тәсіл, жол. Бұл бизнесті дамыту. Технологияларды дамыту.
Стартап кезеңдері
Алғашқы кезең: пайда болу, яғни бизнес идея. Идея плагиатты тұрғыда болмауы тиіс. Тың, жаңа идея.
Екінші кезең стартапты іске қосу, ашу. Және бұл тұрғыда инвестордың көмегі қажет. Инвестор бұл стартапқа ақша беретің адам. Инвестор стартапқа қаржы бөледі, есесіне стартаптың бөлігіне ие болады.
Үшінші кезең стартаптың үлкеюі. Бұл қадам бәріне тән емес. Кейбір стартаптар ашылып зор шығынға тап болып тез жабылады. Ал кейбірі зор табысқа ие болып жылдам дамиды.
Бұл 3 кезең стартаптың негізгі кезеңдері, пайда болуы, даму процессі
Стартап кезеңдері
Экспансия кезеңі бұл стартаптын өзге нарықтарға шығуы. Мысалы сіз керемет стартапты Қазақстанда ойлап тауып ашсаңыз. Және осы стартаптың пайдасы мол бола қалса. Бұны өзге елдерде — Қырғызстанда, Өзбекстанда ашуыңыз мүмкін. Бірнеше елдерді қамти аласыз. Америкадағы стартаптар алғашында өз елінде ашылады да, кейін Еуропаға, одан кейін Азияға тарайды. Сәтті болса қалған елдерге де тарайды.
Стартаптың шарықтау шегіне жетуі. Ағаш елу жыл бойы, жүз жыл бойы өсіп, өніп ақырында зор биік боп қалады. Бұдан кейін өспейді, адам да, стартап та солай. Бұл стартаптың соңғы кезеңі. Кейін стартап өзге компанияға сатылады, немесе баяғыдай жұмысын атқарып тұрады.
Стартап түрлері үшеу — көшірме, новаторлық және белгісіз. Көшірме бұл өзге елдердегіні өз елімізге әкелу. Мысалы 2000 жылдары әлемде зор танымалдыққа Фейсбук әлеуметтік жүйесі ие болған. Бұны орыстар көшіріп ВКонтакте деген әлеуметтік жүйені құрды. Бұл сәтті көшірме стартап.
Стартап түрлері үшеу — көшірме, новаторлық және белгісіз. Көшірме бұл өзге елдердегіні өз елімізге әкелу. Мысалы 2000 жылдары әлемде зор танымалдыққа Фейсбук әлеуметтік жүйесі ие болған. Бұны орыстар көшіріп ВКонтакте деген әлеуметтік жүйені құрды. Бұл сәтті көшірме стартап.
Стартап түрлері
"Startup": отандық стартаперлер жасағы
Мемлекеттің цифрландыру үдерісі – бұл компанияларға жағдай жасап, технологиялық кәсіпкерлікке арналған тиімді экожүйе құру ғана емес, сонымен қатар адамдарға жаңа машықтарды, оның ішінде ІТ-мүмкіндіктерді үйрету болып табылады
Отандық стартап жобалардан ең танымалдары: “Менің ауылым”, “Жанды ертегілер”, “ Болашақ” т.б.
Қазіргі таңда еліміздегі Start Up ықпалы күннен-күнге артып келеді. Соның көрінісі ретінде елімізде жас буынға арналған байқаулар мен конференциялар жиі өткізіліп жатыр. Мысалы, Тұңғыш Президент қорынан, Елбасы «Smart zholy» бағдарламасы, «Болашақ» қауымдастығының төрағасы Қымбат Әбдікерімова «Startup Bolashak» жобасы
Бренд-менеджмент
Брендті басқару брендтің құндылығын арттыруға бағытталған. Бұл жағдайда өндіруші шығаратын пайда. Брендті басқару, маркетинг және PR сияқты ұғымдар әр түрлі нәрселер екенін атап өткен жөн. Бірінші жағдайда менеджерлер қаржы есептілігін жасайды және шоттарын жүргізеді, өйткені олардың жұмысының тиімділігі қаржылық түрде өлшенетін болады. Екінші жағдайда, маркетингтік міндеттердің бюджеті бизнес-жоспардың соңында нақты «қалдықтар» бойынша бөлінеді. Бұл қағида көбіне PR-ке қолданылады. Тиісінше, PR және маркетингке қарағанда, бренд менеджменті бүкіл ұйымның жұмысында маңызды стратегиялық рөл атқарады. Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет!