Статистика сөзi күнделiктi өмiр менғылымға XVII-XVIII ғасырларда кiрiп
келдi. Ағылшын ғалымдары Д.Граунт(1620-1674) пен В.Петтидің (16231687) «Саяси арифметика» атты еңбегі статистика ғылымының дамуына себеп болды. Бастапқы кездесауда мен қаржы капиталының және ақша қатынас тарының дамуы нәтижесiнде пайда болған қажеттiлiктi
қанағаттандыру мақсатында жинақталған мемлекетхалқы, экономикалық және саяси жағдай жөнiндегi мәлiметтер статистикалық ақпараттар деген атпен
жүргiзiлдi.
Статистика ұғымы 18 ғасырдың екінші жартысында пайда болып, алғаш рет Германия университетінде пән ретінде қолданылады. Ол кездерде статистика мемлекетті сипаттайтын, оның ішінде мемлекеттің жетістіктерін, ерекшеліктерін көрсеттетін таным ретінде бағаланған еді. Жалпы, статистика ұғымы латын тілінің «Status» деген сөзінен шығып, белгілі бір заттардың жағдайы, күйі дегенді білдіреді. Бұл сөздің түбірінен алынған «Statо» деген сөз «мемлекет» деген ұғымды білдіреді.
Қазіргі кезде статистика белгілі бір қоғамдық құбылыстың сандық жағын білдіретін таным саласы ретінде қолданылады. Статистиканың мұндай мағынада қолданылуын ерте уақытттармен байланыстыруға болады.
Статистика ғылым ретінде үш түрлі бағытта дамыды: мемлекет танудың сипаттамалы мектебі, саяси арифметиктер мектебі, математикалық – статистика бағыты. Бірінші бағыттың өкілдері негізінен 17 ғасырдағы Г. Ахенваль, Г. Конринг тәрізді неміс ғалымдары болды. Бұл бағыттың ерекшеліктері, біріншіден ол статистиканың мақсаты ретінде мемлекеттің жетістіктерін бейнелеуді, соны дәріптеуді білдірді. Екіншіден, бұл бағыт нақты қоғамдық құбылыстардың сандық мәліметтерін келтірумен шектелді. Өкілдері статистиканың әдістерін анықтаумен айналыспады.
Статистика ғылымының екінші бағытының өкілдері және бастаушылары Дж. Граунт, У. Петти, С. Галлей болды. Саяси арифметиктер мектебі де 17 ғасырда, оның бастапқы кезеңдерінде пайда болып, негізінен құбылыстарды қорыту және талдауды игере отырып, қоғамның дамуы мен күйін цифрлар келтіру арқылы сипаттады және саны көп, жаппай таралған құбылыстардың даму заңдылықтарын ашумен айналысты. Статистика ғылымының бұл бағыты қазіргі статистикаға ұқсас және оның мақсаты да статистиканың қазіргі мағынасына ұқсас жүргізіледі.
Статистика ғылымының үшінші бағыты – математикалық статистика 19 ғасырдың басында пайда болды. Бұл бағыттың негізін салушылар атақты неміс ғалымы А. Кетле (1796-1874), ағылшын ғалымы Р.Фишер (1890-1962), Ресей ғалымы И. Голиков (1735-1801) болып саналады. Кетле халықтың өсімі, өлімі, белгілі бір заңдылықтардан туындайтынын келтірді. Бірақ ол заңдылықтарды ашып көрсете алмады. А. Кетле және өзге де осы бағыттағы математикалық статистиканың негізін қалаушылар, статистиканың негізі ықтималдықтар теориясы болып табылады деп есептеді. Бұл тұжырымның мағынасы өмірге жаппай таралған қоғамдық құбылыстардың пайда болуы және олардың сандық жағындағы заңдылықтар, осы ықтималдықтар теориясына сәйкес келеді немесе ол құбылыстардың заңдылығын осы теория арқылы да негіздеуге болады дегенді білдіреді.
Статистика ғылымы да өзге ғылымдар сияқты үнемі дамуды талап етеді, себебі ол қоғамдық өмірдің бір орында тұрмай, үнемі даму үстінде болатындығына байланысты.
Сонымен, статистика танымы мынандай өзіндік ерекшеліктермен анықталады:
Статистика әлеуметтік-қоғамдық құбылыстарды ғана өз обектісіне жатқызады.
Ол әлеуметтік-қоғамдық құбылыстар өзгермелі болып табылады, яғни әсер етуші қоғамдық факторлардың жағдайына қарай саны өзгеріп отыра алады.
Бұл ғылым әлеуметтік-қоғамдық құбылыстарды пайда болу уақытына және пайда болу кеңістігіне қарай есепке алып зерттейді.
Статистика құбылыстар жиынтығын көрсетуді, оның құрылымын анықтауды мақсат етеді.
Зерттеуге алынған құбылыстардың өзге құбылыстармен өзара байланысын қарастырып, әлеуметтік-қоғамдық құбылыстардың сандық жағындағы заңдылықтарды ашып береді.