1.4 Негізгі ±ѓымдар:
Экономикалыќ тиімділік - б±л экономикалыќ эффект кµрсеткішініњ жетістік немесе ресурс шыѓындарына бµлінгенде аныќталатын ќатысты шама.
Сатудан т‰сетін пайда – сатылу аќшасы мен сатылѓан µнімніњ толыќ µзіндік ќ±ны арасындаѓы єрт‰рлілік болып табылатын абсолюттік кµрсеткіш.
¤німніњ рентабельділігі – сатылудан т‰сетін пайданыњ сатылѓан µнімніњ толыќ µзіндік ќ±нына бµлгенде аныќталатын ќатысты кµрсеткіш.
Сатылу рентабельділігі – салыќтар тµленгенннен кейінгі ќалѓан таза пайданы акциздер мен ќосымша ќ±н салыѓын алып тастаѓанда ќалатын сатылу аќшасына бµлгенде аныќталатын ќатысты шама
Кєсіпорын рентабельділігі – таза пайданыњ кєсіпорынныњ барлыќ активтерініњ сомасына (±заќ мерзімді, аѓымдыќ, материалдыќ, материалдыќ емес) ќатынасына тењ.
Қоғамдық құбылыстар мен процестерді зерттеу кезінде орташа шамалар қортынды көрсеткіш ретінде жалпы жиынтықты өзгермелі белгілері бойынша бардығына ортақ сандық шамамен сипаттайды. Бірақ, осы белгілердің ішкі құрлымына, өзгерісіне әсерін тигізетін түрлі себептерді ашық көрсете алмайды. Себебі жиынтықты жеке белгілеріне әр түрлі жағдайлар әсер еткен сайын олардың арасында өзгеріс туады, яғни үлкенді – кішілі ауытқулар болады.
Демек, екі таратпалы қатардың орташа шамалары бірдей болса, онда олардың әрқайсысының ішкі құрлымындағы белгілер арасында да түрлі өзгерістер мен ауытқулар болады.Егер қатар белгілердің жеке мәндерінің бір- бірімен аздаған ғана өзгерістерді болатын болса, онда орташа шама сол жиынтықтар үшін дұрыс деп саналады. Егер қатар белгілердің жеке мәндері бір – бірімен көптеген өзгерістермен, яғни ауытқуларымен ерекшеленсе, онда есептелген орташа шаманың тәжрибелік мәні болмайды. Мысалы, екі бригаданың жеті күн ішінде өндірген өнімдерінің мөлшері төмендегідей :
бірінші бригада 4,6,5,4,5,5,6 барлығы =35
екінші бригада 1,2,2,2,7,10,11барлығы =35
Екі бригада да өндірген орташа өнім көлемі бірдей, яғни 5- ке тең,бірақ, бірінші бригада бірқалыпты, ал екінші бригада секірмелі түрде өнім өндірген.
Демек, бірінші бригаданың орташа мәні екінші бригадамен салыстырғанда әрбір жеке белгінің сандық мәнінең аздаған ғана ауытқуда болды.
Достарыңызбен бөлісу: |