Ұстаз ғалымның абыройы



Pdf көрінісі
Дата20.01.2017
өлшемі167,53 Kb.
#2309

 



Ұстаз ғалымның абыройы 



 

 

Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Ғылым  Академиясының 

академигі,  филология  ғылымдарының  докторы,  профессор  Мырзатай 

Серғалиұлы  Серғалиев  бүкіл  саналы  ғұмырын  тіл  мен  әдебиет 

саласына,  білім  мен  ғылым  жолына  арнаған,  мыңдаған  шәкірттер 

дайындаған  ұлағатты  ұстаз.  Бүгінгі  таңда  оның  мыңдаған  шәкірттері 

Қазақстанның  түкпір-түкпірінде  өз  қызметтерін  ойдағыдай  атқарып 

жүр.  Академик  М.С.Серғалиев  қала  мен  республика  өміріндегі 

қоғамдық  жұмыстарға  да  белсене  араласып  келеді.  Лингвистикалық 

комиссия 

құрамында 

Қазақстан 

Республикасы 

Президенттікке 

үміткерлердің  мемлекеттік  тілді  меңгеру  дәрежесін  анықтайтын 

емтихан алуға (1998, 2005) қатысты. Ол  – Қазақстанның еңбек сіңірген 

қайраткері,  ЖОО-ның  үздік  оқытушысы,  ҚР  білім  беру  ісінің  үздігі, 

«Еңбек  ардагері»  медалының,  Қазақстан  ғылым  мен  техникасына 

көрнекті 

үлес  қосқаны 

үшін 

берілген 

бірнеше 

мемлекеттік 

стипендиялардың иегері. 

 

Біз  адамды  тәрбиелейтін  тек  қана  мұғалім,  тәрбиеші,  оқытушы  деп 

ұғамыз. Бұл да дұрыс шығар.... Бірақ адамның одан да күшті тәрбиешісі бар 

екенін  жадымыздан  шығарып  алып  жүреміз.  Оны  қоршаған  табиғат, 

айналасындағы  адамдар,  ӛскен ортасы,  әрбірден  соң  тілі мен діні,  ділі  бәрі-

бәрі  адамды  тәрбиелеуші  күштер  болып  табылады.  Бұл  туралы  біздің 

ұстаздарымыз айтудан жалыққан емес. 

Биыл  қазақ  тілі  білімі  ғылымының  белді  ӛкілдерінің  бірі  –  академик 

ф.ғ.д.,  профессор  Мырзатай  Серғалиев  70  жасқа  толады.  Қадірлі 

Мырзаекеңнен  Қазақ  ұлтттық  университетінің  журналистика  факультетінде 

оқып  жүргенде  дәріс  алған  едім.  Студент  кезімізде  Мырзаекеңнің 

«Стилистика»  курсынан  дәріс  тыңдадық.  Ол  кісі  ӛзін  аудиторияда  жинақы 

ұстайтын,  әр  дәрісіне  тыңғылықты  дайындалып  келетін  ұстазымыз  аспай-

саспай байыппен оқитын дәрістерін барлығымыз конспект етіп жазып алуға 

тырысатынбыз.  ҚазМУ-де  шәкірт  болып,  алдынан  дәріс  алған  жылдары  бір 

ұққанымыз  -    қазақ  тілінің  синтаксис,  стилистика  мәселелерін  зерттеу  мен 

насихаттау саласында осы саланың білгірі ретінде М.Серғалиевтің кӛшбасшы 

болғаны.  Ӛз  басым  осы  уақытқа  дейін  Мырзекеңді  іш  тартып,  туған 

тіліміздің  шын  жанашырының  бірі  деп,  иіліп  сәлем  беруден  әрқашан 

жалыққан емеспін. 

Шын мәнінде ӛзі шәкірт болып кӛрмеген адам ешқашан да ұстаз болып 

жарытпайтыны  бар.  Мырзекең  дәріс  үстінде  тек  стилистиканың  қыр-сыры 

туралы  ғана  мағлұмат  берумен  шектелмей,  әлеуметтік  әділеттілік, 

адамгершілік  мәселелері  туралы  да  ӛз  ойларын  студенттермен  бӛлісіп 

отыратын.  Осы  тұстарда  ұстазымыз  біздің  ең  сенімді  досымыз,  сыр 

жасырмай  ашық  айтатын  адамымызға  айналып  кетіп  еді.  Тек  білім  нәрімен 

ғана  сусындатпай,  адамның  жан  дүниелік  қасиеттеріне  жататын  ізгілік, 

әділеттілік,  адамилық  сияқты  мәселелерді  бағалау  мен  сол  қасиеттерге  жол 



 

ашуды  үйреткен  университет  қабырғасындағы  қадірлі  тәрбиешімізге 



айналған  ұстазымызға  алығысымыз  мол.  Кейде  қанша  кітап,  қанша  оқулық 

оқысаң  да  жаныңа  сіңбейтін  нәрселер  болады.  Мырзекең  ӛз  пәнінен  сабақ 

беріп  қана  қоймай,  сонымен  қатар  тәрбиеші,  адал,  әділетті,  шыншыл  адам 

ретінде  де  студенттер  арасында  үлкен  беделге  ие  болды,  мұның  бәрі 

ұстаздың студентке, аспирант, докторантқа деген сезімінде жатқанын байқау 

қиын емес шығар.  

М.Серғалиев  ӛзінің  табиғатында  артық  сӛйлемейтін,  үнемі  іздену 

үстінде, ой құшағында жүретін, тиісті жерінде әзіл-қалжыңнан да құр алақан 

емес  азамат.  Ӛзінің  алдына  қойған  мақсатына  жете  білген  ұстаз  қазақ  тіл 

білімінің  дамуына  зор  үлесін  қосты.  Іздену  үстінде  жүретін  ғалым  тек  тіл 

білімі ғана емес қазақ әдебиетінің ӛзекті  мәселелеріне арнап сындар жазып, 

сан-салалы  кітаптар  да  шығарды.  Бұл  тұста  біз  Мырзекеңнің  байсалды  да 

қарымды, пайымды зерттеуші екеніне кӛзіміз жетті. 

Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  мемлекеттік  ұлттық  университетінде 

студент  болып,,  қазақ  тілі  кафедрасының  ассистенттігінен,  доцент, 

профессор,  кафедра  меңгерушісі,  факультет  деканы  дәрежесіне  дейінгі 

ұстаздық-оқытушылық  жолдан ӛткен  М.Серғалиевтен  үйренетін  тұстар  кӛп. 

1989-1999  жылдар  аралығында  әл-Фараби  атындағы  ҚазМУ  жанындағы 

қазақ  тілі  мен  орыс  тілі  мамандықтары  бойынша  кандидаттық,  кейіннен 

докторлық  диссертация  қорғайтын  мамандандырылған  кеңестің  тӛрағасы 

бола  жүріп  ондаған  ғылым  докторлары  мен  ғылым  кандидаттарына  күні 

бүгінге дейін жетекшілік жасап келеді.  Бүгінгі таңда Л.Н.Гумилев атындағы 

Еуразия  ұлттық  университетінде  осындай    диссертация  қорғайтын 

диссертациялық  кеңестің  жұмыс  істеуіне  мұрындық  болып  отыр. 

Ұстаздықпен қоса кӛп жылдар бойы ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысып 

келе  жатқан  Мырзатай  ағамыз  қазақ  тілінің  синтаксисі,  лингвистикалық 

стилистика,  тіл  мәдениеті,  шешендік  ӛнер  мен  кӛркем  әдебиеттің  тілі  мен 

стиліне  қатысты  мәселелер  туралы  келелі  еңбектерді  жарыққа  шығарған 

білікті  ғалым.  «Синтаксистік  синонимдер»  (1981),  «Қазақ  тіліндегі  етістікті 

сӛз  тіркестерінің  синонимиясы»  (1967)  атты  монографиялары  қазақ  тіл 

біліміндегі құнды еңбектер ретінде ӛзіндік орны бар.  

Ғалым  М.Серғалиевтің  түбегейлі  зерттеген  тіл  білімі  ғылымының 

негізгі  салаларының  бірі  –  синтаксис.  Соның  ішіндегі    жаңа  бағыт 

синтаксистік  құрылымдардың  синонимикасы.  Бұл  мәселе  туралы  

синтаксистік  құрылымдардың  синонимикасының  құрылымдық  тұрғысын, 

оның  ішінде  синонимдерді  бір-бірінен  айыра  білу  жақтарына  түсінікті  етіп 

анықтап  берген  ғалым  бұл  саладағы  назардан  тыс  қалып  жатқан 

проблемаларды жіктеп кӛрсетеді. 

Стилистиканың  ӛзекті  мәселелеріне  арналған  еңбектерінде  оның 

ұғымдары  мен  категориялары,  лингвистикалық  стилистиканың  салалары, 

түрлері, олардың тілдік тұлғаларда қолданылуы, кӛркем әдебиеттің ӛзіне тән 

стилистикасы,  тіл  мәдениеті  туралы  терең  де  тың  ойларды  ортаға  салады. 

Стилистикаға байланысты оқулығында тек студенттер ғана емес осы саладан 

дәріс  беріп  жүрген  ғалым-ұстаздар,  ізденушілер  негізгі  нұсқау  ретінде 



 

пайдаланылуда.  Кӛркем  әдебиет  тіліне  қатысты  еңбегінде  жалпы  кӛркем 



әдебиет тіліне қатысты оның негізгі ерекшеліктерін қарастыруда ӛзіндік жол 

тапқан 


ғалым 

М.Әуезов, 

С.Мұқанов, 

Ғ.Мүсірепов, 

З.Шашкин, 

С.Шаймерденов  т.б.  сияқты  қазақтың  классикалық  әдебиетінің  үлгісін 

жасаушы  ғұламалардың  шығармаларына  стилистикалық  талдаулар  жасап 

қана  қоймай,  бұл  жазушылардың  қандай  үйренетін  тұстары  барын,  тіл 

құралдарын қолданудағы шеберліктерін дӛп баса білген. 

М.Серғалиев  мемлекеттік  тілдің  ӛрісін  кӛтеру  мәселелеріне  бірнеше 

еңбектер  арнаған,  оның  ішінде  тіл  мәдениеті,  орфоэпия  салаларына  арнайы 

тоқталуы орынды. Бүгінгі таңда мемлекеттік тілге қойып отырған талап пен 

талғамның жоғарылығын тілге тиек еткен зерттеуші «Қазақ тілінің қысқаша 

орфоэпиялық  сӛздігі»  (1996)  атты  кітабында  тек  күнделікті  тіл  мәдениетіне 

қатысты ғана емес бүгінгі таңдағы бұқаралық ақпарат құралдардағы тіл мен 

стиліндегі  орын  алып  отырған  кемшіліктер  мен  сол  кемшіліктерді  жою 

жолдарын  ашып  кӛрсетеді.  Бұқаралық  ақпарат  құралдарында  тілдік 

нормалардың  сақталмауы,  ауызекі  сӛйлеу  тілінде  пайдаланатын  сӛздерді 

журналист  қауымы  қолдануға  жол  беріп  отырғандығына  нақты  мысалдар  

келтірген  ғалым  еңбегі  кӛпшілік  оқырманға  ғана  емес  телерадио 

қызметкерлерінің  игілігіне  айналған.  Осы  тұста  ғалым    тіл  мәдениетіне 

қатысты  еңбектері  мерзімді  баспасӛз  тілі,  теледидар  мен  радио 

қызметкерлерінің  тілі,  кӛркем  әдебиет  тіліндегі  ұқсастықтар  мен 

айырмашылықтар,  олардың  сӛзді  талдап,  талғап  қолдана  білу  шеберлігі,  әр 

сӛз  тіркесін  орынды  пайдаланудың  жолдарын  кӛрсеткенде  нақты 

мысалдармен  дәйектейді.  Автор  әсіресе,  тележүргізушілердің  қазақ  тілінің 

емес  орыс  тілі  заңдылықтарына  сүйене  отырып,  кӛпшілік  алдында  ақпарат 

тарататындығына  реніш  білдіреді.  Бұл  ӛте  орынды  және  ғалым  айтып 

отырған  бұл  келеңсіз  жағдайлар  қазақ  телерадио  хабарларында  жиі 

кездесетінін  мойындағанымыз  ләзім.  Зерттеушінің  тіл  мәдениеті  туралы 

зерттеу  мақалаларында  кӛркем  сӛзді  қолданудың  озық  үлгілерін  даралап 

кӛрсетеді  және  жоғарыдағы  кемшіліктерді  болдырмаудың  жолдары 

ұсынылады. 

Профессор  М.Серғалиевтің  М.Балақаевпен  бірлесіп  шығарған  «Қазақ 

тілінің  мәдениеті»  (1995,  2004,  2006)  оқулығының    «Тіл  мәдениетінің 

салалары»  тарауын  жазған-ды.  Осы  ой-түйіндердің  жалғасы  іспетті  «Сӛз 

ӛнері»  (1978),  «Жазушы  және  сӛз  мәдениеті»  (1983)  кітаптарына  тіл 

мәдениетінің ӛзекті мәселелері арқау болады. 

«Кең  ӛріс»  (1983),  «Сӛз  сарасы»  (1989),  «Ой  ӛрнегі»  (1995)  сын 

кітаптары  жарыққа  шығып,  «Уақыт  және  қаламгер»  (1975,  1978,  1982) 

ұжымдық  жинақтарда    қазіргі  әдеби  ӛмірде  болып  жатқан  шығармашылық 

процестер мен белді, белгілі қаламгерлердің шығармашылығында орын алып 

отырған әдеби портреттер, сол қаламгерлер сомдаған адам характерлері мен 

тіл шеберлігі, бейнелеу тәсілдеріндегі кӛркемдік ізденістерін негіз етеді. Бұл 

еңбектер  ғалымның  жазушылар  шығармашыларындағы  сӛзді  орынсыз 

қолданған  тұстарын,  грамматикалық  заңдылықтарды  сақтауда  жіберген 



 

олқылықтарын  тіл  мәдениеті  тұрғысынан  үлкен  кемшілік  деп  атап  қоймай, 



нақты мысалдармен дәлелдеуі орынды. 

М.Серғалиевтің  публицистік  шеберлігін  дәлелдейтін  «Ӛнеге»  (1998, 

2006)  кітабында  кезінде  ӛзі  тәлім-тәрбие  алған  ұстаздары  М.Әуезов, 

І.Кеңесбаев, 

М.Балақаев, 

Ш.Есенов, 

К.Ахметов, 

З.Қабдолов, 

Е.Букетовтермен  қоян-қолтық  араласа  жүріп,  кӛрген-білгендерін,  алған 

тәлім-тәрбиесін  паш  етеді.  Бұл  кітаптың  келесі  бӛлімінде  қазақтың  атақты 

ӛнер қайраткерлері С.Қожамқұлов, Қ.Жандарбеков, А.Тоқпанов сияқты кино 

мен  театр  тарландарының  ӛнері  мен  ӛміріне  қатысты  мол  деректерге 

қанығуға  болады.  Сонымен  қоса  мектеп  қабырғасындағы  шәкірттік 

жылдардың  қызықты  кезеңдері  мен  әртүрлі  жылдары  болған  қызықты 

оқиғаларды  кӛз  алдымызға  елестетін  эсселер  мен  естеліктер  үлкен 

шеберлікпен жазылған. 

 1995  жылы  жарық  кӛрген  «Кӛркем  әдебиет  тілі»  атты  еңбегінің 

шоқтығы биік. Бұл оқу құралында кӛркем әдебиет тілінің ерекшеліктері мен 

әр жазушының стиліне тән ӛзіндік ерекшеліктері мен қолтаңбасы, авторлық 

баяндау  мен  кейіпкердің  тілі,  әр  сӛз  зергерінің  сӛз  саптаудағы 

айырмашылықтары  да  жан-жақты  қарастырылған.  Бұл  кітапта  тек  кӛркем 

шығарма  тілі  мен  стилі  ғана  емес  әдеби  сын  еңбектердің  стилі  мен  тілі 

кеңінен  сӛз  болады.  Автор  Ғ.Мүсіреповтің  «Ұлпан»  романындағы  кейіпкер 

даралау  стилінің  ерекше  тұстарын  дӛп  баса  отырып,  бұл  шығармадағы 

ұлттық  ділге  тән  қаратпа  сӛздерді  талдаған  тұстары  ӛте  қызғылықты  және 

шығармадағы  диалог,  диалектизм,  дӛрекі  сӛздер  туралы  ғылыми  дәлелдер 

келтіре  отырып  талдаудың  үздік  үлгісін  кӛрсетеді.  С.Шәймерденовтің 

«Мезгіл»,  Т.Әлімқұловтың  «Ақбозат»,  Қ.Найманбаевтың  «Кӛкем  екеуміз» 

шығармаларындағы  мәтін  түзу,  ондағы  метафора,  теңеу,  қайталау  мен 

диалог, табиғат суреттері, мінез бен бейне жасаудағы шеберліктері мен әдеби 

тілді  байытуға  қосқан  үлестері  сараланып  берілген.  Кітаптың  екінші 

тарауында М.Әуезовтің әдеби-сын мақаларындағы ӛзіндік ерекшеліктері мен 

жазушының  талап  пен  талғампаздығына  терең  үңілген.  Белгілі  қазақ 

жазушыларының романдарындағы ӛмір мен оның әр алуан құбылыстарының, 

адам  мен  адам  арасындағы  қарым-қатынастардың  қамтылу  деңгейін  терең 

аша  зерттейді.  Қазіргі  кездегі  әдебиеттегі  әртүрлі  бағыттарға  кӛз  сала 

отырып,  ондағы  жаңа  үрдістер  мен  жаңалық  сипаттарды  ашып  кӛрсетеді. 

Роман  ғана  емес,  повесть,  әңгіме,  новелла  жанрында  жазылған  кӛркем 

шығармалардағы  қаһармандардың  бейнесінің  жақсаруы  мен  жаңаруының 

белгілерін атап кӛрсеткен тұстары тағлымды. 

М.Серғалиевтің  кӛркем  аударма  саласымен  айналысқан.  Я.Камал, 

К.С.Вирх, 

М.А.Заряб, 

К.С.Дугал, 

В.Валаж, 

Ә.Қадыров, 

В.Лацис, 

В.Кожевников  т.б.  шетел  және  орыс  прозашыларының  әңгімелері  мен 

новеллаларын  қазақ  тіліне  тәржімалаған  шебер  аудармашы.  Бұл 

жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне аударуда М.Серғалиев әдебиетке 

тән  кӛркемдік  ойлау  жүйесін,  бейнелеп  сӛйлеу,  сӛз  қолдануда  әртүрлі 

тәсілдерді оңтайлы пайдаланған. Бұл тәржімаларға қарап отырсақ басқа тілде 

айтылған  ойдың  жылпы  мағынасын  жеткізуден  гӛрі,  сол  әдебиетке  сай 


 

кӛркемдік ойлау, кӛркемдік қуат, бейнелілік әсерін неғұлым толық жеткізуді 



мақсат еткені байқалады.  

Қаламы қарымды ғалымның бүгінгі таңда жеті монографиясы, жеті оқу 

құралдары  мен  оқулықтары,  тӛрт  әдеби-сын  кітабы,  700-ге  жуық  ғылыми 

кӛпшілікке  арнаған  мақалалары  ғылыми  айналымда.  Бұдан  басқа  түрлі 

жинақтар  мен  анықтамалық,  энциклопедиялық  әдебиеттерде  ӛзіндік 

қолтаңбасы  бар  ғалым  әрқашанда  қазақ  сӛзінің  дұрыс  қолданылуын, 

мәнерлілігін,  қисындылығын  дәлелдеген  кӛптеген  мақалалар  авторы.  Осы 

тұста  біз  ұстазымыз  Мырзатай  Серғалиевтің  бірнеше  қырын  санамалап 

ӛткенді  жӛн  кӛріп  отырмыз.  Біріншіден,  ұстаздығы  баға  жетпес  байлық. 

Мыңдаған  шәкірттер  тәрбиелеген  М.Серғалиевтің  ерен  еңбегі  ӛлшеусіз. 

Екіншіден,  лингвист  ғалымның  әдеби  тіл,  стилистика,  лингвистикалық 

стилистика,  кӛркем  әдебиет  тілі,  тіл  ғылымының  салаларына  арнаған 

еңбектері  туралы  жоғарыда  атадық.  Үшіншіден,  журналист    ретінде  де  ӛзін 

танытқан  ұстазымыз  қоғамда  болып  жатқан  ӛзгерістер  мен  құбылыстар 

туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ӛзінің ой-пікірлерін әрдайым ортаға 

салып,  жазып  келеді.  Тӛртіншіден,  әдебиет  сыншы  ретінде  танылған 

Мырзатай  Серғалиев  қазақ  әдебиетінде  жарық  кӛрген  жаңа  туындылар  мен 

бұрын да танымал болған классикалық шығармалар туралы ӛз пікірін  батыл 

білдірумен қатар сыншылық болмысын жан-жақты таныта білді. 

Азды-кӛпті  ұстаздық  қызметпен  айналысқалы  байқағаным:    қызметте 

адам  баласына  үйретуде,  ғылыммен  айналысуда  күй  таңдамайтын  ұстаздар 

болады. Сондайлардың сапынан Мырзатай Серғалиевті кӛреміз. Осы кісінің 

басшылығымен  қазақ  тіл  білімі  саласына,  оны  зерттеумен  айналысуға 

талпыныс жасаған талай-талай ғалымдар қосылды. Сол шәкірттерінің кӛбісі 

қазір  Мырзекеңмен  қатар  отырады,  алған  тәлім-тәрбиелерінің  арқасында 

ұстаздарына ұқсап дәріс оқып, ұстаздық жолында жүргендері кӛп. Мырзакең 

ондаған ғылым кандидаттары мен докторларын әзірлеуде зор еңбек сіңірген, 

солардың  ӛсіп-жетілуіне,  ғылым  саласының  бір  пұшпағын  илеуіне  септігін 

тигізген жан. Бірақ, сені оқыттым, жеткіздім, кӛмектестім деп айтудан аулақ 

ұстаз ӛз еңбегін ешқашан нарықтаған емес.  

 

Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университетінің  тіл  білімі 



кафедрасының  меңгерушсі,  академик  Мырзатай  Серғалиев  бір  сәтке  де  ӛз 

шәкірттерінен  кӛз  жазған  емес  және  Қазақстанның  қай  түкпірінен  болсын 

Мырзаекеңнен  тағылым  алған  мыңдаған  шәкірттерін  кездестіруге  болады. 

Қазірдің  ӛзінде  ең  кенже  шәкірттері  университеттерде  дәріс  оқып  жүрсе, 

кейбірі  ӛзіндей  қалыптасқан  ғалым  болып  профессор  атанғандары  аз  емес. 

Барлығы  да  ӛз  ұстаздарына  ілтифатпен  қарап,  ардақтағанын  кӛзіміз  кӛріп 



жүр. 

 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық  



                                                университеті журналистика кафедрасының  

 профессоры, филология ғылымдарының  

          докторы 

Меңдігүл Шындалиева 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет