Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі



бет4/6
Дата09.10.2024
өлшемі33,06 Kb.
#147504
түріСценарий
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ұстаз күні іс шара 6ә

11-оқушы: Айзере
Оқушы алға ұмтылып, шегінбей мен,
Сен ұялдың кір болса менің жейдем.
Жақсылыққа бастайтын күлімсіреп,
Көз алдыма қазір тұр сенің бейнең
12-оқушы: Жаннур
Алғаш рет оятқансың санамды,
Алғаш рет ұстатқансың қаламды.
Сол үшінде мәңгі сыйлап өтермін
Түсіндірген жақсы менен жаманды.
13-оқушы: Нұрсила
Ұстаз бізді білім беріп өсірген
Қатемізді әрқашанда кешірген
«Өмір жолы-қиын жол» деп әрдайым
Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген.
14-оқушы: Інжу
Анамдайсыз, менің асыл ұстазым,
Өтті бізбен көктем, күз, қыс, жазың
Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап,
Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың.
I жүргізуші:
Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.

1-Жүргізуші: Айым,мен саған жұмбақ жасырайын, табасың ба?
2-Жүргізуші: Жасырып көр
1-Жүргізуші: Бір сандық бар өзгеше,
Қасыңа алып жүресің.
Ішін ашып ақтарсаң
Өмір сынын білесің.
Ол не? /Кітап./
2-Жүргізуші: мм, (сәл ойланады) иә, бұл, меніңше, кітап қой
1-Жүргізуші: Иә, дұрыс таптың. Ендеше сен кітап туралы не білесің?
2-Жүргізуші: Кітап-біздің ақылшы досымыз, барлық білім, ғылым кітапта. Оны неге сұрадың?
1-Жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың. Кітап туралы сұрауымның себебі, біздің арамызда сол кітапқа немқұрайды қарап, таза ұстамайтын оқушыларымыз да бар екен.
2-Жүргізуші: Ендеше сондай балалардың қолына түскен кітаптардың мұңын тыңдап көрелік.
Көрініс. Кітаптар мұңы
Автор:Айым/Мектептің отын қоймасы. Бір құшақ кітапты әкеліп тастай салды. Есік жақтағы бір кітап басын көтеріп қарап қояды. Ыңырсыған дауыстар/.
1.Қазақ әдебиеті:Нұрасыл Д-Ей, /жанындағысын түртіп/ тұрсаңшы, қайда келдік?
2.Дүние жүзі тарихы:Нұрасыл М. -Ойбай, басым! Мазамды алмашы, бүйткен тіршілігі құрысын! Мұнан да парақтарымның пәре-пәресін шығарып, желмен ұшырып жібергені жақсы еді.
1.Қазақ әдебиеті:Нұрасыл Д -Не болды? Жалғыз сенің басыңа келген қасірет қой дейсің бе? Көтер басыңды. Кімсің өзің? Сыртың бүп-бүтін ғой.
2.Дүние жүзі тарихы:Нұрасыл М -Сыртымды қайтесің? Сыртым бүтін болғанмен, ішім түтін. Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөліп қанша қызмет етті, баспа қызметкерлері әр әрпімді жекелей теріп көз майын тауысты. Сонда кім үшін? Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниеті еді ғой бәрінікі.
3.Табиғаттану:Дарын -Иә, достар, менің де күнім сендердікіндей. Мен де қолымнан келгенше бойымдағы білімімді беріп, балаларды адамгершілікке, парасаттылыққа, өз жерінің табиғатын тануға тәрбиелеуге тырыстым, бірақ Адырбай деген бала мені әбден шимайлап, жыртып, қорлады.
1.Қазақ әдебиеті: Нұрасыл Д.-Біздің де оңып тұрған жеріміз жоқ, әріптестерім. Енді мұңдас болдық. Мен де Сотқарбай деген баланың қолына түстім. Әдепкіде оқулық болып, мектеп босағасын аттағаныма қуанып едім. Оным көпке бармады. Сотқарбай көзімді бақырайтып қойып, суретімді сиямен бастырып, сызып тастады.
2.Дүние жүзі тарихы Нұрасыл М: /асығып, тұтығып/ -Әуелі көтеріп жүруге ауырсынды ма, кейде өзіне керекті бір беттерімді жыртып алатынды шығарды. Оқу жылы аяқталған күні мектеп ауласында доп қылып тепкілеп, сілікпемді шығарды да, тастап кетті.
1.Қазақ әдебиетіНұрасыл Д: -Әріптестер, ең құрығанда кіші сынып оқушыларына неге жоғары сынып оқушылары айтып қоймайды екен?! Олар да кінәлі-ау!
4.Математика:Айсұлтан  -Дұрыс айтасыңдар! Менің оқушым үйінде парақтарымды жыртып алып, кептер жасап ұшырып ойнағанда, 10-сыныпта оқитын ағасы қой демеді-ау!
1.Қазақ әдебиеті:Нұрасыл Д. -Бірақ әр оқушы өз дүниесіне ұқыпты болу керек қой. Ондай ұқыпты балалар да жоқ емес. Бірақ олар Адырбай мен Сотқарбайларға ақыл айта алмай келеді.
2.Дүние жүзі тарихы:Нұрасыл М. -Иә, иә, сен дұрыс айтасың. Менің өзім сияқты құрдасым болды. Ол екеуміз мектеп кітапханасынан бірге шықтық. Қызық болғанда, сыныпта да парталас болдық. Міне, оқушы деп оның иесін айт. Ондай баланың қолына түссең, арманың болмас, шіркін! Кітабына кір жуытпайды. Керек бетін белгілеу үшін, парағын қайтармайды, арасына қағаз салып қояды, сызбайды, сия тамызбайды. Оның кітабы су жаңа күйінде шықты.
3.Табиғаттану:Дарын  -Енді бізді не істер екен? Әлде отқа тамыздық етер ме екен.
(Бәрі селк ете түсті. Бір сәтке үндері шықпай, іштен тынды.)
1.Қазақ әдебиеті:Нұрасыл Д. -Қой, мүмкін бір кәдеге жаратар. Қайтадан түптер.
4.Математика:Айсұлтан  /кекетіп/ -Түптер. Түптесе сені түптер, ал түптеуге келмейтін тұттай жалаңаш бізді қайтеді? Бізден енді оқулық шықпайды. Осы отырған бәріміз де жарымжанбыз.
2.Дүние жүзі тарихы:Нұрасыл М /басу айтып/ -Әріптестер, мен тарихты білсем, бізді фабрикада қайта жуып, тазартып, сиямыздан, бояуымыздан арылтып, баяғыдай ақ қағаз жасап, баспаханаларға жөнелтеді. Баспахана қайтадан кітап етіп шығарады. Тек келесі жолы ұқыпты оқушының қолына түссек екен деп тілейік.
Бәрі: -Иә, иә, соны айтсаңшы. Ылайым солай болсын. Бізді аялап ұстаса ғой.
/Бәрі үміттеніп кетеді/.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет