«Ұстаздар-ұлы тұлғалар» Ұстаздар мейрамына арналған мерекелік шара 1- жүргізуші



бет2/3
Дата12.11.2022
өлшемі44,19 Kb.
#49656
1   2   3
2-жүргізуші: Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық,, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.
1-жүргізуші: Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға мектебіміздің басшысы Жомарт Әлішер Ардақұлын шақырамыз.
2-жүргізуші: Ұстазсыз өмірдің нақы ұқасын ұстау мүмкін емес.Адамды тәрбиелеп,оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш,сондықтан да ұстаздың еңбегі –ұлы еңбек.Ғылым иесі ғалым да,ел қорғаған батыр да,тілінен бал тамған ақын да,тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да ,егін салған диқан да,мал бағып тер төккен шопан да бәрі-бәрі ұсаздан тәлім алған ,сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.
Келесі кезекте Заманауи би

1-жүргізуші: Аида, Мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?
1-жүргізуші: Сен сонда ұстаздарымызбен орнымызды ауыстырып көрсек қайтеді дегің кеп тұр ма?
2-жүргізуші: Иә, иә, тура солай, бүгін ұстаздар оқушы болсын, біз мұғалім болып емтихан алып көрейік.
1-Жүргізуші:-ендеше тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз. /Мұғалімдерге шарлар үлестіріледі. Әр шардың ішінде сұрақтар бар. Мұғалімдер шарды жарып, сұрақтарға жауап беруі керек/.
Сұрақтар:
1. Жерден нені көтеру оңай,ал алысқа лақтыру қиын. Бұл не? /мақта/
2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/
3. Джордж Вашингтон ,Шерлок Холмс ,Вильям Шекспир, Людвиг Ван Бетховен ,Напаолеон Бонапарт және Нерон.Бұл тізімде кім артық? /Шерлок Холмс /
4. Нені сол қолмен ұстап,нені ұстай алмаймыз? /оң қолтың шынтағы /
5. Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/
6. Юрий Гагариннің ұшуы қанша уақытқа созылды? /1 сағат 48 минутқа/
7. Сиыр неге жерге жатады ?\себебі ол отыра алмайды\
Көп рахмет сіздерге, ұстаздар! Барлығыңыз да емтиханнан сүрінбей өттіңіздер.
2-жүргізуші: Жақсы жандар жанымызда әрқашан
Ұлағатты сөзін биік ұстаған
Ардақты ұстаз асыл анаң секілді
Тәрбиелейді балапандай жасыңнан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет