«Ұстазым – ұлағатым, қарттарым - қазынам!» (Ертеңгілік) Ересек «Ақкөгершін» тобы Мақсаты: Балабақша тарихымен, зейнеткер ұстаздардың еңбектерімен таныстыра отырып, олар туралы мол мағлұмат беру. Оқушыларды ұстазды ұлықтауға, қарттарды құрметтеуге, сыйлауға үйрету. Ұстаз мамандығының қырымен сырларын түсіндіру, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, музыкалық аспаптар, шарлар, гүлдер, слайдтар, видеороликтер плакаттар, нақыл сөздер.
Барысы: І бөлім: «Шәкірт жанын аялайтын, ұғатын, Мерекеңіз құтты болсын мұғалім» ПРОЛОГ
(Ұстаз туралы видеоролик көрсетіледі)
(Музыкалық фонда ортаға жүргізушілер шығады)
Аружан: Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық
нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.
Жүргізуші: Дұрыс айтасың.
«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.
Жүргізуші: Олай болса, қадірлі ұстаздар!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін! Ал, уақыт тауып, бүгінгі мерекеге арналған «Ұстазым – ұлағатым, қарттарым – қазынам!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Бекжан: Жүресіз баршамызды сүйсіндіріп,
Даналықтан қазына жүрсіз жиып.
Ұстаздарды жетелеп ұлылыққа,
Тұғырында өмірдің тұрсыз биік.
Аружан: Ажырамай ұжымнан бір елі Сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Ұстаздарға арналсын тілегіңіз, - дей келе бүгінгі мерекемен құттықтау сөз кезегін алабақша басшысы ...................................... береміз.
II – бөлім. «Алдыңғы буын айнамыз,