«Ұстазым» Фанфар: 1-жүргізуші: Армысыздар ардақты да аяулы ұстаздар!



Дата04.10.2024
өлшемі19,74 Kb.
#146769
Байланысты:
Ұстаздар күні сценарий Несібелі




«ҰСТАЗЫМ»


Фанфар:
1-жүргізуші:
Армысыздар ардақты да аяулы ұстаздар!
Ұстаздар күніне арналған «Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем!» тақырыбымен өткізіліп отырған мерекелік іс-шарамызға қош келіпсіздер! Төл мерекелеріңіз құтты болсын!


2-жүргізуші:
Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.
Назарларыңызды экранға аударсаңыздар!


1-жүргізуші:

«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашан да қасиетті, қадірлі болған. Ұстаздан тәрбие болған немесе ұстаздың алдын көрген деген сөздер ана тәрбиесін алған деген сөздермен ұштасып жатады.




Тақпақ 3 сынып 1 сынып


2-жүргізуші:
Алтынсарин бастаған ұлы көшті жалғастырып, мектебіміздің
абыройын асқақтатып, жас жеткіншектердің білім көкжиегінде қанат қағуына сүбелі үлес қосып жүрген көшбасшымыз Мұрат Жаманұлына мерекелік құттықтау сөзін тыңдау үшін ерекше ілтипатпен сахна төріне шақырамыз!


1-жүргізуші:

Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,


Қолыңда шәкіртіңнің болашағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сіздерде Ұлы Отанның болашағы.


ӘН: 5-6 сынып


2-жүргізуші:
Ұрпақ тәрбиесі - ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан өнегелі шәкірт шығатыны сөзсіз.
БИ: 9 сынып


1-жүргізуші:
Ұстаз - ұлағатты есім! Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім- тәрбие беру, жаксы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.


ӘН: 8 сынып
2-жүргізуші:

Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қанша мән - мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.


4 сынып ән


1-жүргізуші:

Иә, ол ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі- ұлы еңбек.


Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі-бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.


Ортаға ойын ойнауға 4 мұғалімді шақырамыз


2-жүргізуші:

Ұстаз деген - жарық күні ғаламның,


Ұстаз деген - анасы ол адамның .
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.


1-жүргізуші:
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам.


Ортада Өзін өзі басқару ұйымын қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші:
Мектеп үйім, ұстаздарым ата – анам,
Сеннен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық,сен мәуелі бәйтерек
Тамырлары сан тарапқа тараған.
1-жүргізуші:
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып,
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік.


Марапаттау рәсіміне кезек берейік!


2-жүргізуші:
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған.
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам-дей отырып, бүгінгі мерекелік іс-шарамызды жабық деген жариялауға рұқсат етіңіздер! Күніміз нұрлы, аспанымыз әрдайым ашық болсын!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет