STEM технологиясының мүмкіндіктері мен болашағы
Біздің әлеміміз компьютерлік желілердің барлығымен байланысқан. Қазіргі заманғы балалар сандық мазмұнды құруға, онымен бөлісуге, веб-сайттарды ашуға, смартфондарға бейне түсіруге, ойындарды өз бетінше дамытуға және түрлі роботтарды жасауға бағдарламалар құрастыруға қабілетті. STEM технологиясының басқа қандай мүмкіндіктер мен болашағы бар? Олардың кейбірін қарастырайық:
STEM білім беруі қаржыландырудың арту аймағына айналғандықтан, технологияларға бағытталған жобаларды іске асыру үшін гранттар саны сәйкесінше артып келеді.
Кәсіби даму мүмкіндіктерінің кең ауқымды таңдау.
Оқушыларды заманауи технологияға қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Оқушылар пассивті (белсенді емес) байқаушылардың рөлінде емес, үдеріске белсене араласқан кезінде оқуды жақсы түсінеді, есте сақтайды.
STEM технологиялары оқушылардан шығармашыл, сын тұрғысынан ойлау, командада да, өздігінен де жұмыс жасау сияқты қабілеттерге ие болуын талап етеді.
Артықшылықтарымен қатар STEM технологиясының кемшіліктері бар:
Коммуникативтік дағдылар нашар дамиды.
STEM-де инженерлер құрғақ кітап тілі пайдаланылатын формулаларға, теңдеулерге, материалдар құрылымдарвна көп көңіл бөледі.
Инженерлер негізінен STEM-ге бағдарланғандықтан, олар шығармашылық дағдыларын жоғалтуы мүмкін.
Операциялық жүйелер мен техникамен жұмыс жасауға дайындалған инженерлер қарапайым «күнделікті проблемаларды» шешуде қиындықтар туындауы мүмкін.
Айқын тар мамандандырылған мұғалімдер мен оқушылардың білімінің нәтижесінде үзінділер болады.
Сондықтан бұл бағытты, қосымша кәсіптік даярлаудан өткен жаратылыстану пәндерінің және технологияларының бірыңғай жүйесінде жұмыс істеуге дайын болған мұғалімдер ғана жүзеге асыра алады.
Қазақстанда 2015 жылдан бастап жаңартылған білім берудің мазмұнына көшу басталды. 2016-2019 жылдарға арналған Білім және Ғылым дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында STEM білім беруді енгізу көзделген. Жаңа білім саясатын жүзеге асыру үшін жаңа технологияларды, ғылыми инновацияларды, математикалық модельдеуді дамытуға бағытталған STEM-элементтерінің оқу бағдарламаларына қосу жоспарлануда.
Оқушыларға ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық әлеуетті нығайтуға, сыни, инновациялық және шығармашылық ойлау дағдыларын дамытуға, проблемаларды шешуге, коммуникация мен командалық жұмыстарды дамытуға мүмкіндік беретін жаңа пәнаралық және жобалық тәсіл енгізілетін болады.
Елде білім беру робототехникасын дамытуға ерекше назар аударылуда. 2014 жылдан бастап жалпы білім беретін және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында робототехника бойынша жыл сайынғы республикалық олимпиада өткізілуде. Республикалық жарыстардың жеңімпаздары Робототехникадағы (WRO) Бүкіләлемдік олимпиадаға қатысу мүмкіндігіне ие.
2016 жылы алғаш рет робототехника бойынша республика мектептерінде оқу зертханалары ашылды, оның ішінде, Алматы қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияда зертхана ашылып, жұмыс жасай бастады. Таяу уақытта республиканың басқа мектептерінде тағы 90 зертхана ашылды. Робототехника бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстары жалғасуда.
Осылайша, Қазақстан дамыған елдермен бірдей бағытта жүріп жатыр. STEM білім – білім алу мен мансапты жалғастыратын болашақ көпірі. Оның тұжырымдамасы өскелең ұрпақты технологиялық дамыған әлемге дайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |