Stem техникасында жұмыс жасау, оны өмірде қолдана алу бала үшін өте маңызды. Бала өзінің жасаған бұйымын, өнімін көру, жасау арқылы мотивациясы артады. Ал егер алған білімін қолданып, бір өнім жасай алмаса, оны не істейді?


Неліктен қазіргі уақытта STEM әлемдік білім берудегі басты трендтердің бірі болып табылады



бет34/50
Дата18.02.2023
өлшемі142,85 Kb.
#69054
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50
Байланысты:
жауаптары ЕРТЕН

Неліктен қазіргі уақытта STEM әлемдік білім берудегі басты трендтердің бірі болып табылады

Жаһандану заманындағы ең қажетті әрі үлкен сұранысқа ие пәндердің бір арнада тоғысуын зерттейтін, әрі заманауи іске асыратын, бір сөзбен айтқанда,STEAM-пән аралық байланысты дамыта отырып, оқу бағдарламасында бес пәнді оқытудың бір жүйесінде интеграциялау болып табылатын жаңа оқыту әдістемесінің мемлекетіміздің білім беру саласындағы алғашқы қадамдары мен болашағы. Әлемде бүгінгі нарық заңы бойынша жақсы маманға жақсы төлем жасайтын жұмыс берушілер санының жоғары екендігін ескерсек, нақты ғылымдарға деген оқушылар мен студенттердің қызығушылығын арттыра білу қажеттілігі ұстаздардан, жоғарғы оқу орнының оқытушыларынан үлкен жауапкершілікті, жоғары біліктілікті талап етуде.
Жастарды ғылыми-техникалық шығармашылыққа баулу үрдісі жоғарытехнологиялы өндірісі дамыған мемлекеттерде приоритетті іскеайналған. Технологиялық прогресті алға мақсат еткен мемлекеттерде ғылыми-инженерлік мамандарға сұраныс күн санап артуда, ал инновациялық экономиканың өсуі де ІТ-компаниялардың «маман тапшылығын» сезінуіне алып келуде. Экономикадағы бұл үрдіс көптеген алдыңғы қатарлы мемлекеттердің STEAM-білім беру жүйесіне баса көңіл бөлуге мәжбүрлеп отыр. Күні бүгін болашағы ерен, экономикасы күннен күнге дамып, спорт, өнер, ғылым саласында әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің қатарынан үзеңгі қағыстырып, алға ұмтылған мемлекетіміздегі жастарды жан-жақты білімді, шығармашыл, іздене білетін, нанотехнологияларды да, өнер әлемін де меңгерген тұлға ретінде дайындау ісінде STEAM-оқытудың өзектілігі сөз болады.

  1. STEM-оқытуды ұйымдастыру кезінде қандай онлайн форматтарды қолдануға болады?

Елімізде жаңа оқу жылында қауіпсіз және оңтайлы оқыту платформасына көшу қажет болды. Карантин кезеңінде көптеген компания мен кәсіпкер өз қызметтерін бейнебайланыс арқылы қалай ұсынуға болатынын анықтады. Мысалы, дәрігерлер, заңгерлер, мұғалімдер, рекрутерлер және тіпті фитнес жаттықтырушылар да қадамдар жасап көрді.
Бізде мектепте қашықтықтан оқытуда MS Teams бағдарламасы қолданылады. Бұл бағдарламаны жеке және корпоративті пайдалануға болады. Мектепте әр мұғалімге және әр оқушыға жеке логин пароль берілген, сол бойынша кіріп, бір-бірімізбен байланысамыз. Бағдарламаның артықшылығы – әр қолданушы жеке топ аша алады, мұғалімдер өзіміз сабақ беретін сыныпқа команда ашып қойғанбыз. Команданың ішінде өзара пікір алмасуға, видеоқоңырау шалуға, экранды демонстрация, трансляция жасауға, оқушыларға тапсырма беруге, ортақ папка ашып бір уақытта өзгертуге, сол сияқты тест құрастырып, оқушылардың жетістігін көруге мүмкіндік бар. Оқушыларға сабақ түсіндіру кезінде осы бағдарламаның ішінде One Note қосымшасын пайдаланамыз. Оның артықшылығы, барлығы бір уақытта экранға жаза алады және оқушыларға материалдарды слайд түрінде көрсетіп, орындалған үй жұмысына осы қосымша арқылы пікір жазамыз. Тестті де осы бағдарламаның ішіндегі MS Forms қосымшасында жасаймыз: Мұнда математикалық формулаларды енгізу және сурет енгізу мүмкіндігі де қарастырылған және тест нәтижесін сырттай бақылай аламыз. Сол сияқты өзіміз өткен сабақтарды осы бағдарламаның ішінде видео түрінде сақтаймыз, сабаққа қосыла алмай қалған оқушылар кейін видеосын қарап түсініп алады және осы видеоларды бір жерге жинақтап, MS Stream қосымшасы арқылы youtube канал сияқты жалпыға ортақ канал етіп ашуға болады. Бағдарлама ішінде Kahoot, Quizizz, Surveymonkey сынды қажетті онлайн платформаларды байланыстыруға болады. Жалпы қашықтан оқытуды бұл бағдарламасыз елестете алмаймын, мұнда біз мұғалімдер бірлесе жоспарлауды да, қосымша жиналыстарды да, сол сияқты оқушыларға арналған элективті курстар мен үйірмелерді жүргіземіз. Жалпы әр бағдарламаның өзінің бағыты болады. Біз көбіне сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдеріміз дәстүрлі болып кетпес үшін қосымша жаңа бағдарламалар мен онлайн-платформаларды пайдалануды жөн санадық. Мысалы, сабақ түсіндіру кезінде графикалық планшеттің көмегін пайдалану үшін PDF Annotator, Class Notebook бағдарламаларын қолданамыз. Ал оқушылардың өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру үшін Ispring Suite бағдарламасын және https://formdesigner.ru/, https://onlinetestpad.com/, https://learningapps.org/ сайттарын пайдаланамыз,





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет