Сфера, шар және олардың элементтері
Кеңістікте берілген О нүктесімен бірдей R арақашықтықта орналасқан нүктелер жиынын сфера, ал кеңістіктегі сферамен шектелген бөлігін шар деп атаймыз. Мұндағы О – сфера (шар) центрі, ал R – сфера (шар) радиусы деп аталады. Сфераның екі нүктесін қосатын және шардың центрі арқылы өтетін кесіндіні диаметр деп атайды. Жалпы, шарды радиусы R-ге тең жарты дөңгелекті оны шектейтін диаметрі маңында айналдыру арқылы алуға болады.
Сфера, шар және олардың элементтері
Шарды қима екі бөлікке бөледі, осы бөліктер шардың сегменті деп аталады.
Шар (сфера) сегментінің биіктігі – сфераны қоса алғандағы шар сегментінің табан жазықтығы перпендикуляр диаметрдің бөлігі.
Шар сегментінің бүйір бетінің ауданы келесі формуламен анықталады:
мұндағы R – шар радиусы, H – шар сегментінің биіктігі.
Шар сегментінің толық бетінің ауданы:
Дөңгелек секторының центрі арқылы өтетін ось бойымен айналдырғанда пайда болған дене шар секторы деп аталады.
Шар секторы шар сегменті мен конустан тұрады.
Шар секторы бетінің ауданы:
мұндағы R – шардың радиусы, r – конус табанының радиусы (сегмент радиусы).
Достарыңызбен бөлісу: |