Төменгі жақ сүйегі сынығының клиникасыжәне диагнозы.
Төменгі жақ сүйегі доға тәріздес қозғалмалы тығыз сүйек. Екі симметриялы бөліктен тұрады. Сүйек тығыз тінінен құралып, аралығында аздаған кемік тіндері болады. Денесі жоғары қарай альвеолды өсіндіге ұласып, тіс ұясының қабырғаларын құрайды. Альвеолды өсіндінің қабығы сүйек қабығымен тығыз байланысып, қозғалмайды. Төменгі жақ сүйегінің ішінде қан тамыры және төменгі альвеолды нерв жүретін өзегі бар. Ми сауытымен бұл сүйек самай-төменгі жақ буыны арқылы байланысады.
Сынықтың қай жерде болуына және оның түріне байланысты аурулардың шағымдары әртүрлі болады. Барлық жағдайда да олар төменгі жақтың анық бір жерінде пайда болатын ауыру сезіміне шағым жасайды. Бұл жақ қозғалысында, тамақты тістегенде және шайнағанда ұлғая түседі. Кейде төменгі еріннің сезімталдығы жойылады (бұл нерв қан тамырларының қысылуына немесе үзілуіне байланысты). Тістеу бұзылып және ауыздан қан ағуы ықтимал. Осылармен қатар бас айналып, ауырып, құсқысы келеді, кейде құсуы мүмкін.
Анамнез жинаған кезде зақым қандай жағдайда, қашан, қайда, қай уақыгта болғанын анықтау қажет. Осылармен қатар, ми мен бас қаңқасы негізінің бұзылуын (естен айырылу, құсу, жүрегі көтерілу, құлақтан қан кету, ретроградтық амнезия т. б.) есте сақтаған жөн.
Бұл мәліметтер диагноз қоюға, емдеуге керектігімен қатар, еңбектен босату құжаттарын бергенде, заң қорғау және мемлекеттік сақтандыру орындарына қажет болуы мүмкін. Сондықтан Олар сырқатнамаға толық жазылуы қажет.
Объективті тексергенде науқастың жалпы жағдайын ағзалар мен жүйелерді тексеру (есін, тынысын, тамьф соғысын, қан қысымын, ішін пальпация арқылы тексеру, басқа ішкі мүшелерін ісксеру) арқылы оның жалпы жағдайын білу қажет. Басқа аймақтардың зақымдануын тексеру қажет. Аурудың жақ-бет аймақтарын сырттан қарағанда оның формасы, жұмсақ тіндердің зақымнан пайда болатын домбығудан, гематомадан, иектің ауытқуынан, өзгеруі мүмкін. Бет терісінде қанталау, сыдырылу және жара болулары мүмкін.
Төменгі жақты пальпация жасағанда жоғарыдан ортаға немесе орталықтан жоғары қарай саусақтарды төменгі жақ сүйегінің төменгі жиегімен жүргізу керек. Пальпацияны жақтың сау жағынан бастаған жөн. Бұл кезде ауыратын нүктесін, сүйек жарқыншағы жоқ жерін, ісік немесе гематоманы анықтауға болады.
Дәрігер саусақ ұшын құлақ қусына енгізіп төменгі жақты төмен және оңға, солға бұру арқылы буын басының қозғалуын байқауы керек. Немесе буын басының қозғалуын құлақ алдынан сипап байқауға болады.
Осыдан кейін ауыратын нүктені анықтау үшін ауыру белгісін тексеру керек. Ол үшін: 1) Оң алақанды иекке қойып алдынан артқа қарай төменгі жақты итереді. 2) Екі алақанды жақ сүйегінің екі жағына тіреп бір-біріне қарай қысады. 3) Бас бармақтарды төменгі жақ бүрышының екі жағына қойып, төменнен жоғары қарай («буын өсіндісіне" қарай) ептеп басады.
Егер төменгі жақ сынған болса дәрігердің салған күшінен сынған жер ауырады, оны науқас бір саусағымен дәл көрсетеді. Әдетте, бұл жердің нүктесі бұрынғы пальпация жасаған кезде анықталған сүйек жарқыншағының жылжыған жері мен жұмсақ тіннің гематомасына сәйкес келеді.
Төменгі жақ сынғанда иек сынған жаққа қарай ауытқиды. Ине арқылы ерін, иек терісінің сезімталдығын екі жағынан анықтау қажет. Егер төменгі альвеол нервісі үзілсе, сынған жақта сезімталдық жойылады.
Осыдан кейін ауыз қуысын тексереді. Науқас аузын ашқанда оның амплитудасы азайып, иек сынған жаққа ауытқиды, жапқанда орталық сызық сынық жаққа ауысады, бұлар сынық белгілері болып есептеледі. Жақ сүйегі сынған жағдайда ауыз қуысының, әсіресе альвеолды өсіндінің кілегей қабығы қанталап жыртылуы мүмкін. Тісті перкуссия жасағанда сынық ара-лығындағы тістер ауырып, тістестіру өзгереді. Тістестірудің өзгеруі сынық ауытқуынан болса, ал оның мөлшері негізінде ондағы бұлшықеттерге байланысты.
Сынықтың бар жоғын және оның орнын анықтайтын негізгі белгілердің бірі сынық бөлшектерінің қозғалуы. Оны келесі әдіспен анықтайды: оң қолдың сұқ саусағын бір сынықтағы тістің үстіне, ал сол қолдың сұқ саусағын екінші сынықтағы тістің үстіне қойып бас бармақтармен төменгі жақтың сыртынан ұстап, бірін жоғары екіншісін төмен, алға және артқа қарай жылжытады. Сол уақытта (сынық болса) сынық жанындағы тістердің биіктігі, ара қашықтығы өзгеруімен қатар, альвеолды өсіндінің кілегей қабығьіның жыртығы үлғайды.
Клиникалық болжауды рентгенограмма арқылы дәлелдеу қажет, Рентгенограмма сынықтың және жарқыншақтардың ығысу дәрежесін, тіс түбірінің сыныққа қатынасын сипаттайды (36-сурет). Әдетте, екі рентгенограмма жасалады: бірі — тік, екіншісі — бүйірден. Егер мүмкіншілік болса ортопантомограмма жасаған жөн. Төменгі жақтың буын өсіндісі сынса, томограмма көп мәлімет береді. Дәрігер клиника-рентгенологиялық көрсеткіштердің негізінде дұрыс топикалық диагноз қойып, емдеу жоспарын жасайды.
36-сурет. Төменгі жақ сүйек денесінің сынығы, R- гр.