Мимикалық бұлшықеттердің салдануы Стоматологтың тәжірибесінде бет нервісінің әртүрлі зақымдануы жиі кездеседі. Әсіресе оның жарақаттанып зақымдануы, бүтіндігінің бұзылмай зақымдануы жиі байқалады. Нәтижесінде мимикалық бұлшықтердің салдануы мен парезі түрінде қимыл бұзылыстары пайда болады.
Бет нервісінің біріншілік невриті (Белл салдануы) ангина, тұмау және т. б. аурулардың нәтижесінде пайда болады. Мұндай жағдайдың ақыры жақсы, 1—3 аптадан соң бұл құбылыс жоғалып кетеді. Нерв қызметінің бұзылуы ортаңғы қүұлақтың іріңді қабынуы, арахноидиттің салдарынан дамиды.
Клиникалық көрінісі. Беттің аталған жағында барлық бұлшықеттер қимылсыз қалады. Ерін-ұрт қатпары тегістеліп, ауыздың бұрышы төмен түскен одан сілекей ағып тұрады, беттің табиғи сайлары — әжімдер жойылған, көз саңылауы кеңіген. Бүл қүбылыстар — дәм сезудің бүзылуы, көзден үнемі жастың ағып тұруы немесе көздің құрғауы. Кейде парезден бұрын ауыру сезімі болады. Ол көбіне сезімталдықтың жойылуымен ұштасады.
Емі. Негізі күш бет нервісі невритін тудыратын негізгі ауруды емдеуге бағытталады. Аурудың бірінші күндері ыстықты және ауыру сезімін басатьга (амидопирин, анальгин, ацетилсалицил қышқылы) дәрілер белгіленеді. В тобының витаминдері, антихоли-нэкстеразалық препараттар: прозерин ішке 0,015 күніне 3 рет, және тері астына 1 мл – 0,05% ерітіндісі, 1 мл 1% галатамин ерітіндісі, барлығы 20—30 инъекция және биогенді стимулятор-лар белгіленеді.
Аурудың бірінші күндерінде жергілікті құрғақ жылумен, парафин қолданылады. 5—6 күн өткен соң қысқа толқынды диатермия, салицилаттар, кальций хлоридімен гальванизациялауға болады. Жеңіл массаж, емдік денешынықтыру және электростимуляция қолданған жөн.
Ымдау бұлшықеттерінің қайтпайтын тұрақты салдануында хирургиялық ем қолданылады. Ол бұлшықеттердің қызметін қалпына келтіруге және босаңсыған тіндерді статикалық және кинетикалық ұстатуға бағытталады. Зақымданған бұлшықеттерді коллатеральды қанмен қамтамасыз ету үшін зақымданған нерв ұштарын басқа нервпен біріктіріп тігеді (мысалы, қосымша, диафрагмальды немесе тіласты), нерв-бұлшықеттік пластика, яғни кез келген нервті салданған бұлшықетке тігеді және сау бұлшықетті салданған бұлшықетке тігеді.
Қазіргі кезде М. Э. Ягизаров бойынша ымдау бұлшықеттердің салдануы кезінде босаңсыған жұмсақ тіндерді жақ бұтағының тәжді өсіндісіне кинетикалық іліп қою әдісі және бұлшықеттік пластика қолданады. Бұлшықет пластикасында шайнау бұлшықетін төменгі жаққа бекіген жерінен ажыратып, аяқша тәрізді етіп ауыздың босаңсыған бұрышына тігеді немесе барлық шайнау бұлшықеттерін бекіген жерінен кесіп алып ауыз бұрышы аймағына орын ауыстырады (П. В. Наумов).
Ауыз бұрышының миопластикасы үшін төс-бұғана-емізікше және самай бұлшықеттерін қолданады.
Көз саңылауын (лагофтальм) азайту үшін жоғарғы және төменгі қабақтың латеральды бөліктері тігіледі. Сонымен бірге склероблефарорафия операциясы жасалады (М. Э. Ягизаров).