Стоматология


Самай-төменгі жақ буынының артриті



бет151/173
Дата31.01.2023
өлшемі2,68 Mb.
#63984
түріОқулық
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   173
Байланысты:
книга-хирургическая-стоматология

Самай-төменгі жақ буынының артриті. Бүкіл одақтық анти-ревматикалық комитетінің жіктеуіне байланысты артриттерді: инфекциялық, инфекциялық емес (дистрофиялық) және жарақатты деп ажыратады.
Инфекциялық артриттер арнайы емес (ревматикалық және ревматоидты) және арнайы (гонореялық, туберкулездік, актиноми-коздық, бруцеллездік және т. б.) деп екіге бөлінеді.
Инфекциялық емес артриттер (дистрофиялық және артроздар) алмасудистрофиялық, нерводистрофиялық, эндокринопатиялық және т. б. деп бөлінеді.
Жарақатты артриттер созылмалы микрожарақаттардың (тіс қатарының бүзылуының) немесе жедел жарақаттардың (құлау, соққы, оқпен немесе оқсыз жарақаттар) әсерінен болады
Самай-төменгі жақ буынының арнайы емес инфекциялық артриттері жедел ағымды, созылмалы деп бөлінеді. Ауру инфекцияның қанмен немесе көрші аймақтан келуінен (отит, жақтың остеомиелиті, құлақмаңы аймағының флегмонасы, паротит, мастоидиит) басталады. Балалардағы артритке көбінесе ортаңғы құлақтағы іріңді қабыну процестері себеп болады. Артрит сонымен қатар, организмдегі созылмалы инфекцияның әсерінен, оның ішінде одонтогенді хрониосепис, ревматикалық полиартриттің әсерінен де болады.
Самай-төменгі жақ буынының жедел ағымды артриті кезінде науқастар жалпы жағдайының нашарлығымен қатар, құлағы мен самай буындарындағы қатты ауыру сезімге шағымданады. Ауызды ашу мен шайнаудың мүмкіндігі болмайды. Науқас тек сұйық тамақпен ғана қоректене алады. Буынның айналасындағы жұмсақ тіндер инфильтраттанған, беткей терісі қызарған. Буын аймағын басқанда ауырады. Сыртқы дыбыс жолы тарылып, науқастың құлағы ауырлайды. Дене қызуы жоғарылап, лейкоцитоз және ЭТЖ жылдамдайды. Көп жағдайда процесс іріңдіктер түзілуімен аяқталады. Ол көбінесе сыртқы дыбыс жолына жарылады. Сыртқа құлақмаңы аймағына сирек тесіліп шығады.
Самай-төменгі жақ буыны қабынуын жедел ағымды отиттен, үшкіл нервтің невралгиясынан ажырату керек. Ауыру сезімінің құлаққа, самайға тебуі әсерінен науқастар отоларинголог, невропатолог мамандарына қаралып, бұл науқастарға жиі дұрыс диагноз қойылмайды. Қиналып тіс жаруда төменгі жақ бұтағының бойымен және тіс қатарымен өтетін ауыру сезімімен ажыратылады.
Созылмалы ревматикалық артрит кезінде буын екі жағынан да зақымданып, оқтын-оқтын өршуімен, субфибрилді дене температурасымен, самай-төменгі жақ буынымен қатар, басқа да буындардың ауруымен ерекшеленеді. Буынның айналасындағы тіндердің жағдайы өзгеріссіз болады. Буынның қызметі өзгерген. Кешенді емдер қабылданса қабыну әрекеттері ертерек ба-сылады.
Ревматоидты артритпен ауыратын науқастарда патологиялық процесс көбінесе бір буынында болады, бірақ кейде басқа буындарында да кездеседі (тізе, тобық және т. б.). Суық тиген кезде осы буындардың барлығында да ауыру сезімдері қайталап өршиді, ал буынның сіресуі барлық уақытта болады.
Егер самай-төменгі жақ буынының ревматикалық артриті бар науқастарда жүрегінде патологиялық өзгерістер кездессе (ревмокардит және т. б.) аталған өзгерістер мүлде анықталмайды.
Аталған ерекшеліктерімен қатар, атай кететін нәрсе ревматоидты артритті емдеу, ревматикалық артритті емдегенге қарағанда айтарлықтай әсер бермейді (тіпті емнен кейін де), қайталай береді.
Самай-төменгі жақ буынының кез келген артритіндегі рентгенограммада саңылаудың кеңейгені, тыртықты түрінде тарылғаны байқалады.
Созылмалы артриттердің диагностикасы мұқият жиналған анамнездің, объективті тексерулердің, оның ішінде рентгенографиялық және томорентгенографиялық зерттеулердің нәтижелеріне негізделеді. Созылмалы паротиттен ажыратып алу керек. Оған тән нәрсе сілекей бөлінуінің өзгеруі.
Емі. Жақтың функциялық ерекшеліктеріне байланысты емдеу қиынға түседі. Себебі емдеу кезеңдерінде буынды ұзақ уақыт мүмкіндігінше қозғалтпай қоюға тура келеді. Сондықтан жедел арнайы емес артритті емдеу әртүрлі шаралар комплексінен тұрады.
1) . Буыннан тыс қабыну ошақтарының инфекция көзін жою (тістердегі, ортаңғы құлақтағы, бадамша бездегі, гаймор қуысындағы). Гангренозды тістерді немесе қабынған бадамша бездерді алу операцияларынан соң артриттің қайтадан өршуінің алдын алу үшін ацетилсалицил қышқылымен, амидопирин, бутадион, сульфаниламидтермең және антибиотиктермен емделеді.
2).Организмнің жалпы иммунологиялық реактивтілігін және десенсибилизациясын күшейту, қуаты майдаланған және сұйық тамақ, ацетилсалицил қышқылы, кортизон немесе преднизалон. АКГ өнімдерін кезектестіріп пайдалану.
3) . Буынға тыныштық беру (Айви таңбасы, екіжақты жай байлап бекіту немесе азу тістердің тұсына қалыңдығы 5—10 мм-дей резеңке қойып иекті жоғары қарай сақпан тәрізді таңбамен таңу).
4) . Физиотерапия: жедел ағымында — жылу (қыздыру компрестері, УЖЖ, соллюкс), басылған кезде — вирапинмен немесе медициналық өтпен (Бернадский Ю. Д) электрофорез жасау.
5) . Ине рефлекс емі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет