Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Орындаған: Жүсіпбек Айдана Жұманова Сапаркүл Жүрсінбек Аяулым Топ: ТФП-415 Қабылдаған: Темирказиев Б.С.
Ацетилсалицил қышқылы немесе Аспирин (лат. Acidum acetylsalicylicum) — қабынуға қарсы стероидті емес дәрі-дәрмектер тобына жататын салицил қышқылының туындысы.
Ашылу арихы
Ежелгі римдіктер талдың қабығын (соның негізінде кейіннен аспирин жасалған) науқастар мен жаралылардың ауырсынуларын басуға пайдаланған екен. Біздің дәуіріміздің бірінші ғасырында Диоскур деген дәрігер тал қабығынан жасалған қайнатпаны тұз байланатын ауру мен сарп ауруын емдеу үшін пайдалануға кеңес берген екен. Ежелгі грек дәрігері Гиппократ та талдың қабығын ауырсынуды басатын және дене қызуын түсіретін дәрілерді жасауға пайдаланған.ХІХ ғасырдың соңында Bayer компаниясының фармацевті Феликс Хоффман сарп ауруымен ауыратын өзінің қарт әкесінің ауруын жеңілдете алатын дәрі жасау үшін зерттеулермен айналысқан. Ұзаққа созылған зерттеулерден кейін Хоффман жаңалық ашқан: ол салицил қышқылы мен сірке қышқылынан сәтті қоспа дайындаған.1988 жылы Берлиндегі Императорлық патенттік ведомство тіркегеннен кейін жаңа дәрі «Аспирин» деген сауда маркасымен сатуға шығарылған. Дәрінің атауы екі сөзден құрастырылған: «а» - ацетил сөзі, ал «спир» - spiraea сөзі– алғаш рет химиялық жолмен салицилді қышқыл бөліп алынған тобылғы тал сөзінің латынша атауы.