Уақытша тістердің витальды пуль- потерапиясы. Уақытша тістердің терапи- ясын AAPD - ның ұсынысы бойынша екі үлкен топқа бөлуге болады: витальды және девитальды терапия [6].
Уақытша тістердің витальды емдеуде басты мақсаты ұлпаның емдік шараларға көнбеген кезінде емдеп оның қызметін сақтау болып табылады. Витальды емдеудің нәтижелігіне бірнеше факторлар әсер етеді. Олар қанмен қамтамастығы, қабыну үрдістің сатысы, гомеостаз жағдайы, дезинфекция, антибактериалды әсердің түрі және ұлпаның бетін дұрыс жабу. Нағыз басты фактор ол ұлпаның өміршеңдігін жақсарту үшін қажетті мөлшердегі қан тамырларының дамуы болып табылады. Витальды емдеудіің бірнеше әдісі бар: лайнерлік жапкыш төсегішті қолдану, ұлпаны тікелей немесе тікелей емес жабу және пульпотомия.
Қорғағыш жапқыштар (лайнерлер). Терең кариоздык қабатқа жұқалап төсейтін лайнерлер дентиндік каналдарды тесіктерін жабады және пульпаны цементпен неме- се реставрациялық материалдармен жо- яды. Лайнер үшін кальций гидроксиды, дентиндік бонд немесе стеклоиономерлік цемент қолданылады. Бұл әдістер дұрыс пульпалы тістерден барлық кариозды дентинді аластағаннан кейін қолданылады. Бүл әдістер препарациялаңған қуыс түбіне пульпаның зақымдалмау үшін, тез жазылуы үшін және операциядан кейін сезімділігін қалыпқа келтіру үшін қолданылады.
Ұлпаны тікелей емес (жанама) жабу. Бұл әдіс терең кариозды қуысты, бірақ де- генерациясы жоқ тістерге қолданылады. Бұл процедурада пульпа камеры ашылып қалмау үшін кариоздык дентиннін ең терең қабаты аласталынбайды және сол үшін биоқосымша затпен жабылады. Оған жата- тындар: дентин адгезивтері, гибридті шы- ныиономерлер, кальций гидроксиді, цин- коксидэвгенолды цемент, шыныиономерлі цемент (ШИЦ).
Пульпаны тікелей жабу. Бұл препарация кезінде сау пульпаның өзінен өзі кездейсоқ ашылғанда немесе травма сал- дарында жасалады. Зақымдалған тісте ауырған симптоматика болмауы керек, зақымдалған жерінің диаметрі нүктедей- ғана болып, микробты контаминация- сыз болуы керек. Пульпаны тікелей жабу кезінде оның қабілеттілігін сақтау үшін биобелсенді материал қолданылады. Бұл емдеу әдісті пульпаның ашылып калған жерінің үштікдентинды шығаруын жеделдетуі үшін қолданылады. Пульпаны тікелей жабу қолайсыз әдіс болып санала- ды. Уақытша тісті емдеуде бұның пайдасы төмен.
Пульпотомия. Пульпототомия уақыт- ша тістің кариес салдарынан ашылып қалған пульпаны емдеудің әлі ауыру симптомы жоқ кезіндегі қолданысқа ең лайық клиникалық процедурасы.
Уақытша тістің пульпотомия- сы ең алғашқы рет имперегнация мен жалғастыруды 1968 жылы D.F.Redig ұсынды. Бұл әдіс қазір көпшілік ел- дерде ең негізгі әдіс болып табылады. Соңғы жылдары пульпотомия әдісіне қызығушылық ғылыми журналдар арқылы арту үстінде. Бұл әдісті қолдануға негіз болғаны ол түбір ұлпасының хирургиялық ампутациясын қолданғанда бүлінген не- месе инфекцияланған ұлпаның түзелу қабілеттілігі.
Сақталған түбір ұлпасы микро- организмдердің кіруіне кедергі болады және одонтогендік қабынудан сақтайды. Бұл уақытша тістердің түбір улпасының құрылым ерекшеліктеріне байланысты. Ол дегеніміз: қан тамырларымен жақсы қамтамасыз етілуі; қорғаныс қызметін атқаратын жасушалардың молдығы.
Пульпотомия үшін әр түрлі техникалық әдістер қолданылады: электрокоагуляция, лазер, әр түрлі дәрі-дәрмектер (формокрезол, глютаральдегид, темір сульфаты, кальций гидроксиді, МТА (минерал- триоксид агрегат т.б.) [7].
Қолдану мақсатына байланысты пульпотомия былай топтастырылады: мумификация (күйдіру), пульпаны сақтау және пульпаны регенерациялау.