"Стоматологиялық аурулардың алдын-алу,терапиялық стоматология(тіс жегісі және тістің қатты тіндерінің,пульпа және периодонт аурулары)хирургиялық стоматология"



бет57/62
Дата09.01.2023
өлшемі436,89 Kb.
#60694
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Байланысты:
практика

Тісті берілістер — жаңа заманғы машина жасауда және аспап жасауда берілістердің анағұрлым кең таралған типі; оларды жылдамдықтардың (100 м/сек дейін) қуаттың (ондаған мың киловатт) кең ауқымында қолданады.
Тісті берілістердің басқа берілістермен салыстырғанда негізгі артықшылықтары:
- технологиялылығы, беріліс санының тұрақтылығы;
- жоғары жүктеу қабілеті;
- жоғары ПӘК (доңғалақтардың бір жұбы үшін 0,97—0,99 дейін);
- тең шарттар кезінде берілістердің басқа түрлерімен салыстырғанда кіші габариттік өлшемдері;
- жұмыста үлкен сенімділігі, қызмет көрсету қарапайымдылығы;
- біліктер мен тіреулерге салыстырмалы түрде аз жүктеулер.
Тісті берілістердің басқа берілістермен салыстырғанда негізгі кемшіліктері:
- берілістік санды сатыламай өзгертудің мүмкін еместігі;
- дайындау және құрастыру дәлдігіне қойылатын жоғары талаптар;
- үлкен жылдамдықтар кезінде шуыл; нашар амортизациялау қасиеттері;
- жетекші және жетектегі біліктердің осьтері арасындағы үлкен қашықтық кезінде қолайсыз үлкендік;
- тістерді кесу үшін арнайы жабдық пен аспапты қажет етуі;
- тісті беріліс машинаны ықтимал қауіпті асқын жүктерден сақтамайды.
Тісті берілістер мен доңғалақтарды келесі белгілері бойынша жіктейді (3.1-суретті қараңыз):
- доңғалақтардың осьтерінің параллель осьтермен (цилиндрлік, 3.1, а—д – суретті қараңыз), қиылысатын осьтермен (конустық, 3.1, ж—и – суретті қараңыз), тоғыспалы осьтермен (бұрамалы, 3.1, е, к- суретті қараңыз) өзара орналасуы бойынша;
- тістердің құраушы доңғалақтарға қатысты орналасуы бойынша – түзу тісті, қисық тісті, шеврондық және қисық сызықты тіспен;
- конструкциялық рәсімдеу бойынша – ашық және жабық;
- айналма жылдамдық бойынша — баяу жүретін (3 м/с дейін), орташа жылдамдықтар үшін (3÷15 м/с), жылдам жүретін (15 м/с жоғары);
- сатылар саны бойынша — бір және көп сатылы;
- берілісте және доңғалақтарда тістердің орналасуы бойынша – сыртқы, ішкі (3.1, д- суретті қараңыз) және тақтайшалы (3.1, г- суретті қараңыз);
- тіс бейінінің пішіні бойынша— эвольвентті, дөңгелекті түрімен;
- ілінісу дәлдігі бойынша.

а, б, в — сырттай ілініскен цилиндрлік тісті беріліс; г — бұрама-сомын берілісі; д — іштей ілініскен цилиндрлік беріліс; е — тісті бұрама беріліс; ж, з, и — конустық тісті беріліс; к — гипоидты беріліс
3.1-сурет - Тісті берілістердің түрлері
Стандартта дәлдіктің 12 дәрежесі қарастырылған. Практикалық түрде жалпы машина жасау берілістерін дәлдіктің алтыдан бастап оныншы дәрежесіне дейін әзірлейді. Дәлдіктің алтыншы дәрежесіне дейін әзірленген берілістерді анағұрлым жауапты жағдайларда пайдаланады.
Жоғарыда атап өтілген тісті берілістердің ішінде цилиндрлік түзу тісті және қиғаш тісті берілістер, әзірлеуде және пайдалануда анағұрлым қарапайым ретінде анағұрлым кең таралым алды. Конустық берілістерді - машинаны құрамдастыру шарттары бойынша қажет жағдайларда ғана; бұрамалы түрлерін тек арнайы жағдайларда қолданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет