"Стоматологиялық аурулардың алдын-алу,терапиялық стоматология(тіс жегісі және тістің қатты тіндерінің,пульпа және периодонт аурулары)хирургиялық стоматология"


Білім алушының қолы ________________ Ибраемова Шолпан



бет55/62
Дата09.01.2023
өлшемі436,89 Kb.
#60694
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   62
Байланысты:
практика

Білім алушының қолы ________________ Ибраемова Шолпан
2022 ж. 9мамыр
___________________________________________________________________
(кәсіптік практиканың тікелей жетекшісі) Исмагулова С.К

2. Білім алушы мадақтамалары мен жазалары
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
3. Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қолы
____________________________________
2022 ж9мамыр

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде кәсіпорындарды( ұйымдарды) айқындау қағидаларына 2-қоссымша



Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп
Білім алушы:Ибраемова Шолпан



Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы

Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес,жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері

Кәсіптік практика жетекшісінің қолы

36

Қатты тіс тіндерінің дамуының дәрілік және токсикалық ауытқулары



14:00 18:00





Қазіргі уақытта медицина мен стомалогияда маңызды орынды тұқым қуалайтын аурулар алуда. Бұл аурулардың этологиялық факторына мутация жатады. Мутацияның патологиялық көрінуі қоршаған ортанының әсеріне тәуелсіз болады. Орта тек ауру симптомдарның көріну дірежесін анықтайды. Тұқым қуалайтын ауруларды мутацияның тұқым қуалайтын аппаратты зақымдау деңгейіне байланысты екіге жіктейді: гендік және хромосомдық аурулар. Хромосомалық ауруларға қарағанда гендік мутациялар ұрпақтан ұрпаққа өзгеріссіз беріледі, сондықтан оларды пробанданың шежіресін қарау арқылы бақылауға болады. Гендік мутациялар тістің қатты тіндерінің – эмаль мен дентиннің дамуына әсер етуі мүмкін. Мутациялық процесске ұшыраған гендер санына байланысты моногенді және полигенді аурулар боп жіктеледі. Берілу сипатына байланысты моногенді ауруларды 3 топқа бөледі:  Аутосомды-доминантты  Аутосомды-рецессивті  Жыныспен тіркес


Толық жетілмеген Эмальдың түзілуі.
Кейбір гендік аурулар эмальдың құрылымы мен химиялық құрамы өзгерістерімен сипатталатын тек қана эмальда ғана көрінетін өзгерістер тудырады. Ал басқа аурулар өзге тіндердегі өзгерістер мен метаболизмдік өзгерістерге әкеледі. Жалпы алғанда бұл мутациялар келесі өзгерістерге әкеледі: эмальдың толық жетілмеуі (гипоплазия), органикалық матрицаның біріншілік әктенуінің жеткіліксіздігі (гипокальцификация), эмаль призмаларының әртүрлі компоненттеріндегі апатит кристалдарының түзілу дефектісі, пигменттік әсердегі экзогенді материалдың шөгуі, осы ақаулардың комбинациясы түрінде болады.
Гипопластикалық жетілмеген амелогенез. Бұл формада даму кезінде бүкіл эмальдың немесе бөлігінің қалыңдығының қалыпты мөлшерге жетпеуі болады. Клиникалық түрде бір-бірімен бүйірлерімен байланыспайтын жұқа эмаль қабаттары болады. Сирек эмаль бетіндегі шұңқыр, горизонтальды не вертикальды қатпар ретінде көрінеді.
Аутосомды доминантты шұңқырлы Гипопластикалық жетілмеген амелогенез. Бұл түрінде уақытша және тұрақты тістердің эмаль қабаты қалыпты дамыған бірақ оның бетінде бей берекет шашыраған шұңқырлар болады. Эмаль сары- ақ түсті. Шұңқырлардың боялуы ауыз қуысы ортасының белсенділігінен кейін бірден болады, ол қара-сұр түске енеді. Көбіне ұрттық бетінде орналасады. Вертикальды бағана ретінде орналасады. Тұқым қуалауы әкеден балаға беріліп отырады
Аутосомды доминантты жергілікті Гипопластикалық жетілмеген амелогенез. Ерекшелігі: шұңқырлар горизонтальды бағытта орналасады; тістің вертибулярлы бетінде сауыттың ортаңғы үштен бір бөлігін қамтиды. Ақаудың пайда болуы тіс дамуының арнайы периодына тәуелсіз жүреді
Аутосомды доминантты жылтыр Гипопластикалық жетілмеген амелогенез. Тіс эмалі жұқа және қатты болып келеді. Беті тегіс, жылтыр болады. Жарып шыққан тіс түсі бұдырлы-ақ түстен мөлдір қоңырға дейін. Эмаль қалыңдығы қалыпты эмальдың бестен бір не төрттен бір деңгейінде болады. Контактты беттері болмайды. Аутосомды доминантты дөрекі Гипопластикалық жетілмеген амелогенез. Бұл түрінде эмаль катты бірақ беті кедір бұдырлы болады. Кейін бұл эмаль астындағы дентиннен сыдырылып түсіп қалады. Түсі ақ не ақшыл сары болады. Эмаль қалыңдығы қалыптыдан 5-8 есе жұқа болады. Коронка үшін егеліп тасталғандай түрде болады. Кей кезде мойын аймағында қалың эмаль қабаты болу мүмкін.
Аутосомды рецессивті дөрекі жетілмеген амелогенез. Бұл кезде тістің түсі сары болады. Тістің беті дөрекі кедір бұдыр болады. Эмальдың кейде толықтай дамымауы болады. Тістер сирек орналасады. Барлық науқастарда ашық тістем байқалады. Уақытшы тістерде тұрақты тістерде зақымдала береді. Өте сирек кездеседі.
Х-тіркескен (доминантты) жылтыр жетілмеген амелогенез. Ер жыныстыларда әйелдерге қарағанда калиникалық белгілері өзгеше болады. Уақытша және тұрақты тістер бірдей зақымдалады. Ерлерде эмаль жылтыр, тегіс, жұқа, сары-қоңыр түсті болады. Тістердің бүйірлі түйісуі болмайды. Әйелдердегі айырмашылығы эмаль бетінде вертикальды гипоплазия жолақтары болады. Тіпті кейбіреуінде дентинді коруге болады. Жолақтарда симметрия болмайды, бей-берекет орналасады. Екі жыныста да ашық тістем болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет