3. Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қолы ____________________________________ 2022 ж. 13 мамыр
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде кәсіпорындарды( ұйымдарды) айқындау қағидаларына 2-қоссымша
Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп Білім алушы:Ибраемова Шолпан
№
Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы
Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес,жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері
Кәсіптік практика жетекшісінің қолы
12
Түзілген кариозды қуысты кептіру
14:00 18:00
Балалардың тіс жегілерін нақтамалау ерекшеліктері. Тіс жегіні нақтамалауда зерттеудің негізгі және қосымша әдістері қолданылады. Негізгі әдістер: шағымы, анамнезі, қарау (жалпы стоматологиялық статус және локальды статус).
Қосымша тексеру әдістері: кіреукені витальді бояу; люминесцентті диагностика: Қаранғыланған бөлмеде тістердің құрғатылған беттеріне УК жарық шоғырын бағыттайды. Бұл кезде кариозды бұзылудың әсерінен сәуленің жарқырауы төмендейді, тістің сау тіні ақшыл-жасыл сәуле береді; транслюминесцентті әдіс: Бұзылудың бастапқы сатыларында, олар жай секпіл тәрізді, әр түрлі көлемді болады, нүктеден тары дәнінің көлеміне дейін және одан да үлкен шеттері түзу болмай, ашық түстен қара түске дейін және одан да үлкен шеттері түзу болмай, ашық түстен қара түске дейін, тістің жарқыраған тіс тәжінің жалпы келбетінде анық білінеді;
Тістің қатты тіндерінің электрөткізгіштін анықтау (ЭОД); колорометриялық тест; гигиеналық индексті анықтау; эмальдің структуралы-функциональды резистенттілігін клиникалық бағалау әдісі (ТЭР-тест) эмальдың реминералдану жылдамдығын клиникалық бағалау әдісі (КОСРЭ-тест)
Уақытша және тұрақты тістердің тіс жегісінің клиникасы. 2 жасқа дейінгі балаларда уақытша тістердің тіс жегісі негізінен антенатальды кезеңде қалыптасқан тістің бетінде шоғырланады; 2 жасқа дейінгі балаларда уақытша тістердің тіс жегісі ақауланып дамыған кіреуке орнында дамиды, клиникалық – зақымдану ыдыстәріздес, шектелмейді. Кіреуке қырлары тегіс, қуысы тығыз, дентин ылғалды, пигменттелген;
3 жастан кейін молярлардың шайнау беткейлері зақымданады және 4 жастан кейін – уақытша молярлардың жанасу беткейлері; 3 жасқа дейінгі балаларда уақытша тістердің тіс жегілерінің жиі кездесетін түрі – циркулярлы, жазықты; 4-4,5 жастан бастап кариозды қуыстар апроксимальды беткейлерде қалыптасады; 2,5 жасқа дейін кариозды қуыстар негізінен антенатальды минералдану орнындарында шоғырланады (екі жақ сүйегі күрек тістерінің тегіс беткейлері), үш жастан кейін шоғырлану уақытша тістердің жарып шығу кезеңінде жеке бөліктерінің минералдану дәрежесіне байланысты болады.
Балалардың тістерінің тіс жегілерін емдеу принциптері балаларда тіс жегісін емдеу қазіргі заманға сай жекеше түрде қарастырылады; емнің құрамы мен аумағы, қайта келіп көрінуі диспансерлеу процесінде зақымдалу дәрежесімен, тіс жегісінің клиникалық ағымымен, бала жасымен, ауыз қуысын гигиеналық жағдайымен байланысты; тіс жегісін қазіргі уақыттағы әдістермен емдеудің жиынтығына пломбалау арқылы тіс тіндерінің резистенттілігін жоғарлату, ол – зат алмасуға экзогенді әсер ету, ауыз қуысының гигиена жағдайы, рационалды тамақтану және эндогенді табиғатты жегіге қарсы заттарды қолдану.