"Стоматологиялық аурулардың алдын-алу,терапиялық стоматология(тіс жегісі және тістің қатты тіндерінің,пульпа және периодонт аурулары)хирургиялық стоматология"


Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп



бет41/62
Дата09.01.2023
өлшемі436,89 Kb.
#60694
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   62
Байланысты:
практика

Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп
Білім алушы:Ибраемова Шолпан



Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы

Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес,жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері

Кәсіптік практика жетекшісінің қолы

25

Тістердің шығу және қалыптасу ауытқулары.

14:00 18:00





Адам тістері шамамен ұрықтық дамудың жетінші аптасында құрыла бастайды. Осы кезде болашақ жоғарғы және төменгі жақ сүиегінің альвеолярлы өсінділері аймағында ауыз қуысын қаптайтын эпителийің қалындаған жері пайда болып, ол доға тәрізді табақша түрінде астыңғы жақтан мезенхимаға бітісе өсе бастайды. Көп ұзамай бұл эпителий табақшасы тереңге бойлай өсуін жалғастыра, ұзына бойына бір-бірімен тік бұрыш жасай орналасқан екі табақшаға бөлінеді.



  • Алдынғы, немесе жақ – ерін, табақшасы одан әрі ажырап, ерін мен жақтардың қызыл иектерін бөлетін және сөйтіп, ауыз қуысының түзеуге әкелетін ашық эпителий қатпарына айналады. Артқы тіс табақшасы тіркеу орналасқан. Осы табақшанын жиегінде тостаған тәрізді томпайған эпителий өсіп, ұлғайып, болашақ сүттістердің бастамасын қалайды. Бұл томпақтар тіс тостағандары, немесе кіреукелі мүшелер түзілгеннен кейін тіс табақшасына тереңдей өсіп, кіреукелі мүшелер оның алдыңғы (яғни ерін немесе жақ сүйектеріне қарай) жағында орналасқан. Дамып келе жатқан кіреукелі мүше пайда болғаннан кейін көп ұзамай тостаған немесе қоңырау пішінге келеді, соның өзінде сәйкесті шұқыр - ойыс тіс бастамасын түзетін мезенхимамен толады. Кіреукелі мүшелер біртіндеп тіс табақшамен байланысын жоғалтып, тіс бұдыр бастамалары мүлде оқшауланады. Оқшауланған тіс бастамаларында тістің құрам бөліктері пайда болады, бұл кезде эпителий жасаушалары кіреукеге бастама береді, сүйірлі бұдырдың мезенхима тінінен дентин мен ұлпа түзеліп, ал алғашқы кезде кіреукелі мүшені тіс қапшығы түрінде қоршап тұрған мезенхимадан цемент пен түбір қабықшасы пайда болады. Тіс бастамасы өскен сайын тіс ұяшықтарының сүйекті қабырғалары да биіктей береді. Альвеолярлы өсінділерді жабатын тін қызыл иек деп аталады. Бұл жерде шырышты қабықша фиброзды тін арқылы сүйек қабығымен тығыз тұтасып - өседі; қызыл иек тіні қантамырларға бай да, ал нервтерге жарлы болады. Тіс пен қызыл иектің бос жиегі арасындағы науа тәрізді батыңқы ойыс орналасып қызыл иек қалтасы деп аталады.

1)тіс сауытынан 2)тіс мойнынан 3)тіс түбірінен Тіс сауыты қызыл иектен шығып тұрады, мойыны қызыл иекпен қауысырылады, ал түбір тіс ұяшығында орналасып, тіс ұшымен аяқталады, онда жай көзбен – түбір ұшында кішкене тесігі көрініп тұрады. Осы тесік арқылы тіске қантамырлар мен нервтер келеді. Тіс сауытының ішінде қуыс болады, ол қуыстың ең көлемді бөлігі - сауыт бөлігі мен қуыстан тарылатын бөлігі – түбір өзегі деп аталатын түбір бөлімнен тұрады. Өзек тіс төбесінде жоғарыда аталған төбе тесігімен ашылады. Тіс қуысын қантамырлар мен нервтерге бай тіс ұлпасы толтырып тұрады. Тіс түбірлері қантамырларына бай альвеолярлы сүйек қабығы, тіс ұяшықтары бетімен тығыз тұтасып өседі. Тіс, периодонт, альвеола қабырғасы мен қызыл иек тіс мүшесін құрайды. Тістің қатты заты мыналардан тұрады: 1) дентин, 2) кіреуке, 3) цемент. Тіс қуысын құрайтын заттың көбісі – дентин. Кіреуке сыртынан тіс сауытын жауып, ал цемент тіс түбірін қаптайды.


Көрші тістер орындарын ауыстыру мүмкін; тіс жақ доғасы шегінен тысқары қатты тандайға немесе ауыз алдында жақындау орналасуы мүмкін. Кейде тістер мұрын қуысынан, қатты таңдайдан жарып шығады. Тіс санының ауытқулары: жоғарғы латериалды күректістер, екінші кіші азу тістер болмауы мүмкін. Тіс сауыты мен түбірі пішінінің ауытқулары: ұзарған түбірлер және түрлі бұрыш жасай майысқан түбірлер кездеседі. Азу тістерде әдеттегіден көбірек түрлері кездеседі. Тіс сауытында қабысу бетіндегі төмпешіктер саны өзгеріп отыруы мүмкін. Тістердің ренгендік зерттеу негізінен интраоральдық жолмен жүргізіледі, яғни таспа ауыз қуысында енгізіліп, саусақпен тіске қараған бетіне жапсырылады немесе тістетіледі. Суретте тістердің барлық анатомиялық бөлшектері айқын көрінеді, тіс қуысы бар жер ақшыл болып түседі. Тістің альвеолярға батып тұрған бөлігінің шетінде периодонтқа сәйкес келетін жіңішке ақшыл құрсау байқалады. Жаңа туған нәрестенің бет пішінінде жақ ішінде орналасқан сүттістердің бастамалары көрінеді. Одан кейінгі жастағыларда сүттістердің дамуы, жарып шығуы және түсуінің, тұрақты тістердің бастамаларының пайда болып, дамуының және қартаюға байланысты өзгеруінің рентгендік суретін бақылауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет