Білім алушының қолы ________________ Ибраемова Шолпан
2022 ж. 30мамыр
___________________________________________________________________
(кәсіптік практиканың тікелей жетекшісі) Исмагулова С.К
2. Білім алушы мадақтамалары мен жазалары
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
3. Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қолы
____________________________________
2022 ж30мамыр
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде кәсіпорындарды( ұйымдарды) айқындау қағидаларына 2-қоссымша
Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп
Білім алушы:Ибраемова Шолпан
№
|
Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы
|
Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес,жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері
|
Кәсіптік практика жетекшісінің қолы
|
26
|
Тұқымқуалаушылық тіс аурулары
|
14:00 18:00
|
|
Тістің қатты тіндердің тұқымқуалаушылық аурулары Жетілмеген амелогенез (тұқым қуалаушылықтан дамыған тістер гипоплазиясы)тістер кіреукесінің әртүрлі дәрежедегі құрылымдық бұзылыстарымен сипатталатын ауру. Патологиялық үрдістің негізі - эктодермальдық жасушалық құрылымдардың функциональдық қызметтерінің ауытқуларымен байланысты. Ерлер мен әйелдер арасында бірдей кездесе береді . Жетілмеген амелогенез кезінде адам организімінде белгілі бір патологиялық үрдіс анықталмайды. Клиникалық көрінісі. Патологиялық үрдістің ауырлығына қарай аурудың үш дәрежесін ажыратады . Жеңіл дәрежесі кезінде кіреукенің түсі ғана өзгереді : бірде - сары, кейде ашық - қоңыр немесе қоңыр болып келеді . Әртүрлі түстілік бір ғана тісте немесе бірнеше топтағы тістерде байқалуы мүмкін . Өзгерген кіреуке беті жылтырлығын жоймаған, сүңгілеп тексергенде беті жазық және ауыру сезімі анықталмайды . Орта дәрежесі кезінде жарақат ошақтарының түсі қоюлау ( сары немесе қоюқоңыр). Кіреукеде құрылымдық өзгерістер нәтижесінде пайда болған кедір - бұдырлы ошақтар және тік орналасқан жүлгелер анықталады ( әдетті гипоплазия кезінде сайлар-жүлгелер көлденең орналасады ) .
Тістерде кейде әртүрлі тітіркендіргіштерден жоғары сезімталдық байқалады. Ауыр дәрежесі кезінде кіреукенің жылтырлығының жойылғаны, ақ бор түстес дақты ошақтардың орын алуы, беріктігінің төмендеуі нәтижесінде оңай сынғыштығы байқалады (7-cурет). Механикалық әсерлерден кіреуке оңай шытынап, дентиннен ажырай бастайды. Беті ашылған дентин тез боялып, қоңыр немесе қара-қоңыр түстенеді және қажалуға ұшырайды. Жетілмеген амелогенез кезінде тістердің пішіні мен көлемі көп өзгермейді. Дегенмен кейбір жағдайларда тіс сауыттарының ені кішірейіп, тістер арасында кеңістіктер пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар сауыттары мойын бөлігінде кеңейіп, ұшы кесілген конусқа немесе цилиндрге ұқсаған тістер де кездеседі. Патологиялық анатомия. Электрондық микроскоппен дентинэмаль шегінің тегіс еместігін, эмальдің органикалық затының көбеюін анықтауға болады. Эмальда эмаль призмаларының бағыттылығы бұзылған, кей жерлерде аморфты затпен толтырылған аймақтар анықталады. Дентин әдеттегі құрылымы бар. Жетілмеген дентиногенез - бұл ауру тістің сауыт бөлігіндегі және көбінесе түбір бөлігіндегі дентиннің нашар дамуынан туындайды және тістердің жедел қажалуға ұщырап және қозғалмалы болып, ерте түсіп қалуына әкеп соғады. Мұндай тістердің пішіні мен көлемі көп өзгеріске ұшырамайды, бірақ температуралық тітіркендіргіштерге жоғары сезімталдық байқалады. Рентгендік суретте мұндай тістердің түбірлері қысқа, түбір ұштары қалыптаспаған және төңірегіндегі сүйек тінінде құрылымы бұзылған ошақтар (очаги деструкции) анықталады. Кіреуке-дентин шекарасы ойлы-қырлы, тіс қуысы екіншілік дентинмен жабылған. Стейнтон-Капдепон дисплазиясы - бұл ауруды алғаш 1892 жылы Стейнтон, ал 1905 жылы Капдепон сипаттап жазған, себебі мен патогенезі әлі анықталмаған. Көпшілік зерттеушілердің ұйғаруынша, мезенхимальды құрылымдардың даму үрдісінің бұзылуы әсерінен дамитын және тұқым қуалайтын аурулар тобына жатады. Тұрақты тістермен қатар сүт тістері де жарақаттануы мүмкін. Тістер шыға салысымен кіреуке біртіндеп сынып, дентиннен ажырай бастайды, оның шағын қалдықтары тек тістердің мойын бөліктерінде және жанасу беттерінде сақталады. Жалаңаштанған дентин қоңыр түсті және мөлдір, тығыздығы төмен болғандықтан тез арада қажалуға ұшырап жойыла бастайды. Тістер уақытында және толық шығады
Достарыңызбен бөлісу: |