депкөрсетті. Бұл тапқа енудің талаптарын зерттеушілер былай деп көрсетеді: жоғары табыс, білім, • мəдениет жəне біліктіліктің жоғары деңгейі, қоғамдағы жоғары талғам. Бірақ ТМД елдерінің өтпелі қоғамында орта таптың потенциалды өкілдерінің қазірше өзіндік экономикалық базасы, экономикалық тəуелсіздігі отыр. Сонымен, қоғам өзінше бір жоғары, орта жəне төмен қабаттардан құралатын бағытты елестетеді. Олардың əр қабаты өз ішінен кіші қабаттардан құрылуы мүмкін. Қоғамның əлеуметтік құрылымы сөнбеген жағдайда тұр. Онда тұрақты өзгерістер мен даму, индивидтердің топтардың бір орнынан екіншісіне өтуі жұріп жатады. Бұл ұрдіс əлеуметтік байланыс деп аталады. Қазіргі қоғамда орта таптың экономикалық өсу, демократия мен əлеуметтік тұрақтылықтың маңызды факторы. Бұл тұрақты таптың қалыптасуының маңызды арнасы білім болып табылады.
Қазіргі қоғамдағы білім әлеуметтік байланыстың маңызды қызметін, индивидтердің әлеуметтік баспалдақ арқылы жоғары көтерілу міндетін атқарады. Білім жастардың әлеуметтенуін және қоғамның өндірістік кұштерінің нәтижелі дамуын қамтамасыз етеді. Кәсіби білім арқылы адамдар бір әлеуметтік қауымнан басқасына (мәселен, жұмысшы мен шаруадан зиялыларға), төмен таптар орта тапқа өтіп жатады. Білім жүйесі тұрақты әлеуметтік құрылымды қалыптастырады. Білім адамдардың рухани өміріне зор әсер етеді, адамдардың сапалық сипатын арттырады, әдеп нормаларының тамаша үлгілерін санаға ендіреді. Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымына талдау жасауда орта тап қызығушылық тудырады. Американ ғалымы У.Уотсонның моделіне сәйкес қоғам ұш таптан тұрады: жоғары, орта, төмен тап. Олардың ішінен де аралық таптарды