П.Сорокиннің теориясына сәйкес қоғам түрлі страт — қабаттарға бөлінеді, олар табыс деңгейі, қызмет түрі, саяси көзқарасы, мәдени дәстүрі сияқты болып келеді. Әлеуметтік стратификаттау мен әлеуметтік теңсіздік қоғамдағы табиғи қалыпты жағдай болып табылады. П.Сорокин өзінің жалпы адамдық стратификация картасын жасау әрекетінде бір өлшемді және көп өлшемді стратификациалау әдістерін ұштастырып қолданды. Сорокиннің пікірінше, дұниеде миллиондаған әлеуметтік система мен топтасқан жиынтықтар бар. Бұл сансыз көп әлеуметтік топтарды, классификациялаудың мақсатына қарай, түрліше классификациялауға болады. Мұндай әлеуметтік топтарға мыналар жатады:
1. Аса маңызды бір жақты топтар, оның ішінде: нәсілдік, жыныстық, жасына қарай.
2. Мәдени әлеуметтік топтар: рулық, территориялық, көршілестік, этностық және ұлттық топтар.
3. Аса маңызды көп жақты топтар: отбасы, рулық топ, тайпалық, ұлттық, әлеуметтік сословие, әлеуметтік топ.
Жоғарыда айтылғандардан ұғатынымыз: қазіргі қоғам көп өлшемді, яғни қоғамда түрлі орындарға ие, түрлі белгілері бар көптеген страттардан құралады. Таптар, әлеуметтік топтар, қабаттар қоғам өмірінің барлық жағына әсер етеді. Осыдан келіп әлеуметтік стратификаттаудың маңызы көрінеді.
П.Сорокин әлеуметтік мобилділік екі типін көрсетеді: көлденең және тігінен. Көлденең мобилділік деп индивид немесе әлеуметтік топтың бір әлеуметтік орыннан, сол деңгейдегі басқа орынға өтуін айтады. Мәселен, бір ұйымнан басқа ұйымға дәл сондай лауазымдық жұмысқа өту, бір отбасының екіншісіне өту. Бұл жағдайдың бәрінде де индивид өзіне тиісті әлеуметтік қабатты ауыстырмайды Тік қозғалыс — бұл индивидтің бір қабаттан екіншісіне өтуі. Бұл индивидтің шығармашыл және іскерлік қабілеттеріне байланысты. Мәселен, лауазымдық көтерілу оны прогресс деп атайды, өзінің материалдық жағдайының көтерілуі немесе басқа билік деңгейіне көтерілу (бұрыңғы әкімшілік басшысы министр болуы). Бұл — көтерілу байланысының мысалдары. Сондай-ақ төмендеуші (регресс) әлеуметтік қозғалыста болады. Қоғам бір индивидтердің статусын жоғарлатқанмен, келесі индивидтердің статусын төмендетіп отырады. Бұл қызметтік төмендету (ірі зауыттың директоры цех бастығы болды немесе жай ғана жұмысшыға айналды), қазіргі кездегі инженерлердің кәсіби тобының әлеуметтік статусының төмендеуі, КСРО кезіндегі бұрынғы қуатынан айрылған компартияның статусының төмендеуі.
3. Қазіргі қоғамдағы білім әлеуметтік байланыстың маңызды қызметін, индивидтердің әлеуметтік баспалдақ арқылы жоғары көтерілу міндетін атқарады. Білім жастардың әлеуметтенуін және қоғамның өндірістік кұштерінің нәтижелі дамуын қамтамасыз етеді. Кәсіби білім арқылы адамдар бір әлеуметтік қауымнан басқасына (мәселен, жұмысшы мен шаруадан зиялыларға), төмен таптар орта тапқа өтіп жатады. Білім жүйесі тұрақты әлеуметтік құрылымды қалыптастырады. Білім адамдардың рухани өміріне зор әсер етеді, адамдардың сапалық сипатын арттырады, әдеп нормаларының тамаша үлгілерін санаға ендіреді.
Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымына талдау жасауда орта тап қызығушылық тудырады. Американ ғалымы