У.Уотсонның моделіне сәйкес қоғам ұш таптан тұрады: жоғары, орта, төмен тап. Олардың ішінен де аралық таптарды айырып көрсетеді. Сөйтіп, модельдің соңғы көрінісі мынадай:
I жоғары — жоғары тап. төменгі — жоғары тап.
II жоғары — орта тап. төменгі — орта тап.
IIIжоғары — төмен тап. төменгі — төмен тап.
Бұл экономикасы дамыған елдерде ең көп кездесетін орта тап. Бұлар - алдыңғы қатарлы бизнесмендер, фирмадағы жалдамалы менеджерлер, ірі заңгерлер, ғылыми элита, эстрада жұлдыздары (жоғары орта тап), сондай-ақ жалдамалы қызметкерлер -инженерлер, орташа және ұсақ шенеуліктер, оқытушылар, ғылыми инженерлер, орташа--және--ұсақ--шеиеуліктер, ғылыми қызметкерлер, бөлімше басшылары, жоғары білікті жұмысшылар (төменгі — орта тап). Американың "Форбс" журналының (1997 шілде) мәліметінше бұл таптың орташа табысы жылына 35 мың доллар (айына 2-3 мың доллар). АТоинби қазіргі индустриялық дамыған қоғамдар — орта тап қоғамы деп басқа көрсетеді. АҚШ-та олар тұрғындардың 3/4 бөлігін құрайды.
Әлемдік тәжірибе демократия мен экономикалық өсімнің қозғаушы кұші орта тап екендігін көрсетеді. Бұл тап жеке экономикалық тәуелсіздікке ие әрі жалпы көзқарастарды танытушы бола отырып, қоғамның әлеуметтік тұрақтандырушы қызметін атқарады. Бұл таптың орын ауыстыру, саяси жүйе сипатына әсер ету қабілеті нарық экономикасы, құқықтық мемлекет және демократия бағытында қоғамды тұрақты тұрде жаңалап отырады. Қазақстан және ТМД елдеріндегі демократиялық қайта құрулар орта таптың қалыптасу мәселесін өзекті етіп қойды. Президент Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында орта таптың қалыптасуының төмен болу себебтерін атап, "мемлекет ең алдымен, орта тап өкілдері — фермерлердің "ақ" және "көк" жағалылардың, зиялы қауымның, ұсақ буржуазияның көзқарасын танытуы керек" депкөрсетті. Бұл тапқа енудің талаптарын зерттеушілер былай деп көрсетеді: жоғары табыс, білім, • мәдениет және біліктіліктің жоғары деңгейі, қоғамдағы жоғары талғам. Бірақ ТМД елдерінің өтпелі қоғамында орта таптың потенциалды өкілдерінің қазірше өзіндік экономикалық базасы, экономикалық тәуелсіздігі отыр. Сонымен, қоғам өзінше бір жоғары, орта және төмен қабаттардан құралатын бағытты елестетеді. Олардың әр қабаты өз ішінен кіші қабаттардан құрылуы мүмкін. Қоғамның әлеуметтік құрылымы сөнбеген жағдайда тұр. Онда тұрақты өзгерістер мен даму, индивидтердің топтардың бір орнынан екіншісіне өтуі жұріп жатады. Бұл ұрдіс әлеуметтік байланыс деп аталады. Қазіргі қоғамда орта таптың экономикалық өсу, демократия мен әлеуметтік тұрақтылықтың маңызды факторы. Бұл тұрақты таптың қалыптасуының маңызды арнасы білім болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |