Строение клетки. Оболочка



бет2/3
Дата02.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#112458
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
«Пассивті тасымалдау механизмі».

Пассивті тасымалдау

  • Қарапайым диффузия - заттардың тікелей липидтік қабат арқылы тасымалдануы. Ол арқылы полярлық емес немесе шағын зарядталмаған полярлы молекулалардың газдары өтеді. Молекула неғұрлым аз және майда еритін болса, онда ол мембранадан тез өтеді.

Мембранадан судың тасымалдануы

  • Мембраналар арқылы судың диффузиясы осмос деп аталады. Су липидтік қабат арқылы өте тез өтеді. Себебі оның молекуласы кішігірім және электрлік бейтарап.
  • Сондай-ақ, аквапориндер - мембрана арқылы судың жылдам өтуін қамтамасыз ететін нәруыздар.

Пассивті тасымалдау

  • Мембраналық арналар арқылы диффузия. Зарядталған молекулалар мен иондар (Na +, K +, Ca2 +, Cl-) қарапайым диффузия арқылы липидті қабат арқылы өте алмайды, бірақ олар әртүрлі арналарды құрайтын,
  • арнайы арна
  • қалыптастыратын
  • ақуыздардың
  • болуына байланысты
  • мембрана арқылы
  • өтеді.

Пассивті тасымалдау

  • Жеңіл диффузия - әртүрлі молекулалардың немесе туыстас молекулалардың топтарын тасымалдауға жауапты арнайы тасымалдаушы протеиндердің көмегімен заттарды тасымалдау.
  • Олар берілген заттардың молекуласымен өзара әрекеттеседі және оны мембрана арқылы өткізеді.
  • Осылайша, қанттар, аминқышқылдар, нуклеотидтер және басқа да көптеген полярлы молекулалар жасушаға тасымалданады.

Алмасу диффузиясы

  • Заттарды тасымалдаудың бұл түрінде мембрананың екі жағында орналасқан бір заттың моллекулаларының озара алмасу жүреді.

«Осмос» «Диффузия» «Мембрана» болып 3 топқа бөлінеді. 1 топ тапсырмасы: Қажетті сөздерді қолданып диаграмманы толтырыңыз

  • Бағалау критерийлері
  • Осмос түсінігін біледі
  • Биологиядағы осмос пен диффузияның айырмашылығын анықтайды.
  • Заттар тасымалының үш түрін салыстыратын диаграмма құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет