ЛИНОЛЕУМ негізсіз және негізбен (мата, киіз, кеуекті полимер) болуы мүмкін. Кең таралғаны – поливинилхлоридті линолеум. Еденнің негізіне линолеум арнаулы желімдеуші мастиктардың көмегімен бекітіледі; құрғақ бөлмелерде қолданылады.
РЕЛИН – резиналы линолеум, оның беттік қабаты түрлі-түсті резинадан синтетикалық каучуктарда, ал төменгі қабаты битум қосумен девулканизацияланған резинадан жасалған; ылғалдылығы жоғары бөлмелерде қолданылады.
тұрғын үй-ғимарат – негізінен тұрғын үй-жайлардан (пәтерлерден) және ортақ мүлік болып табылатын бөліктерден, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайлардан, тұратын құрылыс;
тұрғын емес үй-жай – тұрақты тұруға қарағанда өзге мақсатқа, оның ішінде қоғамдық қажеттіліктер және/немесе шағын кәсіпкерлікке арналған және пайдаланылатын тұрғын үйге жеке ішіне салынған (ішіне-жапсарлас салынған) үй-жай;