Дала шпаты–олар ақ түстен бастап сұрға дейін, қызғылттан қызылға дейін әртүрлі түсті болады. Тығыздығы - 2500...2760 кг/м3, қаттылығы - -6, сығылу шегі 170 Мпа дейін, балқу температурасының шегі 1170...1550оС. Беріктігі кварцқа қарағанда төмен. Оңай ұшып кетеді..
Слюдалар – бір бағытта өте жақсы байланыс түзетін минерал, жіңішке созылмалы пластинкаларға дейін ыдырауға қабілетті. Тығыздығы - 2760...3200 кг/м3, қаттылығы- 3, минералдың құрамында слюданың болуы оны тегістеуді және өңдеуді қиындатады.
Темір-магнезиалды- қара түсті,негізінен магний және темір силикатынан тұрады, химиялық құрамы күрделі. тығыздығы -3000-3600 кг/м3, қаттылығы- 5,5-7,5, беріктігі жоғары материал.
Теріңдік (интрузивті) минералдар жер қойнауының терең бөліктерінде жоғарғы температура мен қысымның және магманың баяу сууының нәтижесінде түзілген
Теріңдік (интрузивті) минералдар жер қойнауының терең бөліктерінде жоғарғы температура мен қысымның және магманың баяу сууының нәтижесінде түзілген
Төгілген тау жыныстары (эффузиялық)- магманың төменгі температурада , аз қысымда сууы нәтижеснде түзілген. Олар аморфты , жабық кристалды, үлкен құрылымды.
Базальт
Механикалық шөгінділер – тау жыныстарының жел үру процестерінің (судың, желдің, температураның ауытқуынан, қату мен еру және атмосфераның басқа факторларынан) әсерінен қирау немесе ыдырауы нәтижесінде түзіледі.