Көптеген химиялық реагенттердің әсеріне қарсы кедергісінің жоғарылығы.
Кемшіліктері:
-жануы мен шіруі,
-ылғал мен температураның өзгерісіне қарай жарықшақтардың пайда болуы,
- гигроскопиялығы,
-құрылымының біркелкі еместігі,
-құрт-құмырсқалардың әсерінен бұзылуы.
Өңдеу дәрежесіне байланысты ағаш бұйымдары келесі түрлерге бөлінеді:
-Орман материалдары. Ағаштың бойын механикалық өңдеу арқылы алады.
-Дайын бұйымдар мен конструкцияларды зауыт жағдайында (жиналмалы үйлер мен детальдар, жабыстырылған конструкциялар мен т.с.с.) дайындалады.
-Ағаштан дайындалған синтетикалық материалдарды ағашты терең өңдеу арқылы алады. Тереңдетіп өңдеу арқылы ағаш шикізатынан целюлоза шығуы көп болады.
Еденге арналған материалдар.
Еденге арналған материалдар.
Еденге арналған материалдар рулонды негізді және негізсіз, тақталы және түсті (мастикалық) болады.
Рулонды материалдар:
ЛИНОЛЕУМ негізсіз және негізбен (мата, киіз, кеуекті полимер) болуы мүмкін. Кең таралғаны – поливинилхлоридті линолеум. Еденнің негізіне линолеум арнаулы желімдеуші мастиктардың көмегімен бекітіледі; құрғақ бөлмелерде қолданылады.
РЕЛИН – резиналы линолеум, оның беттік қабаты түрлі-түсті резинадан синтетикалық каучуктарда, ал төменгі қабаты битум қосумен девулканизацияланған резинадан жасалған; ылғалдылығы жоғары бөлмелерде қолданылады.
тұрғын үй-ғимарат – негізінен тұрғын үй-жайлардан (пәтерлерден) және ортақ мүлік болып табылатын бөліктерден, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайлардан, тұратын құрылыс;
тұрғын емес үй-жай – тұрақты тұруға қарағанда өзге мақсатқа, оның ішінде қоғамдық қажеттіліктер және/немесе шағын кәсіпкерлікке арналған және пайдаланылатын тұрғын үйге жеке ішіне салынған (ішіне-жапсарлас салынған) үй-жай;
жерүсті қабаты – үй-жайлардың еденін белгілеу кезінде жердің жоспарлы белгісінен төмен емес қабаты;
жертөле қабаты (жертөле) – үй-жайлардың еденін белгілеу кезінде үй-жай биіктігінің жартысынан асатын жердің жоспарлы белгісінен төмен қабат;
цоколь қабаты – үй-жайлардың еденін белгілеу кезінде үй-жай биіктігінің жартысынан аспайтын жердің жоспарлы белгісінен төмен қабат.