ҚР ҚН 3.02-14-2014 25
5.7.7 Қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік құжаттар талаптарына
сәйкес қоршаған ортаға, азаматтардың өміріне, денсаулығы мен мүлкіне кері әсерді
болдырмайтын шараларды қарастыру қажет.
5.7.8 Табиғи экологиялық жүйелерді, табиғат ландшафтар мен кешендерді сақтау
жөніндегі шараларды қарастыру керек.
5.7.9 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін салу, реконструкциялау
мен пайдаланудың барлық кезеңдерінде кезекті аумақтық ұйымдастыру, көгалдандыру
мен көркейту шараларын қамтамасыз ету қажет.
5.7.10 Қоршаған ортаға түсетін күшті төмендету үшін айналымды сумен жабдықтау,
жинау, тазалау және жаңбыр сулары мен еріген суларды қолдану әрекеттерін ескере
отырып, ағын сулардың экономикалық негізделген шығарылым көлемін анықтау арқылы
су бұру балансының есебін жүргізу қажет.
5.7.11 Изоляторлар мен карантиндерден ағын суларды жеке канализациялық
құдықтарға жинау және оларды ортақ канализация жүйесіне шығарар алдында
зарарсыздандыру керек.
6 ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ 6.1 Энергия тұтынуды азайтуға қойылатын талаптар 6.1.1 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін ғимараттың ең жоғарғы
энергетикалық тиімділігін қамтамасыз ететін сәулет, функционалдық-технологиялық,
конструктивтік және инженерлік-техникалық шешімдерді қолдану арқылы жобалау және
салу керек.
6.1.2 Энергия тұтыну жөніндегі нормативтік талаптарды қамтамасыз ету мақсатында
ауыз су шығынының азаюына мүмкіндік беретін заманауи су бөлу және толтыру
арматурасын орнату қажет.
6.1.3 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жобалаған кезде энергия
ресурсымен жабдықтаудың негізгі параметрлерін беруді қамтамасыз ететін энергия
ресурстарын кешенді есепке алудың автоматтандырылған жүйесін орнатуды қарастыруға
жол беріледі.
6.1.4 Санитарлық-эпидемиологиялық
қызмет
объектілерінің
инженерлік
жабдығының энергия қолдануын оңтайландыру мақсатында олардың барлық
энергетикалық сипаттамаларына, оның ішінде дұрыс орнату мен пайдалану, тиісті
өлшемдерді таңдау тапсырмаларына, оларды реттеуге және бақылауға таралатын жеке
жүйелерге қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз ету қажет.
6.1.5 Энергия тұтынудың азаюына қол жеткізу үшін энергия тұтынуды төмендетуге
айтарлықтай әсер ететін, мұнымен бір уақытта үй-жайлар микроклиматының жақсаруына
жә
не қоршаған ортаны қорғауға жағдай жасайтын инновациялық шешімдерді, заманауи
құрылыс материалдарын пайдалануды ескеру қажет.