Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет7/55
Дата15.10.2022
өлшемі1,6 Mb.
#43240
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   55
Байланысты:
45 СН РК 3.02-14-2014

ҚР ҚН 3.02-14-2014 

5 ЖҰМЫС СИПАТТАМАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 
 
5.1 Негізгі ережелер 
 
5.1.1 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жобалау, салу мен 
реконструкциялау «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен 
бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің, 
«Зертханаларға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» және «Денсаулық 
сақтау объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық 
ережелерінің, сондай-ақ осы құрылыс нормалары мен Қазақстан Республикасы аумағында 
жобалау және құрылыс жүргізу ережелерін белгілейтін қолданыстағы басқа да 
нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. 
5.1.2 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жеке жер телімдеріне 
орналастыру қажет. 
5.1.3 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін құрылыс жүргізу үшін 
жобалау кезінде жер телімін топырағы органикалық, химиялық, радиациялық сипатта 
зақымданған бұрын қоқыс тастайтын жер, қоқыстан тазалау алаңдары, мал қорымдары, 
зираттар түрінде қолданылған аумақтардан бөлуге жол берілмейді. 
5.1.4 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінің аумағы арқылы қалалық 
(ауылдық) мақсаттағы магистральдық инженерлік байланыстар (сумен қамту, 
канализация, жылумен қамту, электрмен қамту) өтпеуі тиіс. 
5.1.5 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінің құрылымы мен құрамын 
мекемелердің функционалдық мақсатын, зертханалық және дезинфекциялық шараларды 
орталықтандыруды, сондай-ақ қызмет көрсетілетін халық санын ескере отырып жобалау 
қажет. 
5.1.6 Виварий үй-жайларының құрамы мен ауданы жүргізілетін зерттеулер 
көлемімен және сипатымен, сондай-ақ зертханалық жануарлар (тышқандар, 
көртышқандар, теңіз шошқасы, қояндар, мысықтар, иттер, тауықтар, көгершіндер және
т. б.) түрімен және санымен анықталуы тиіс. 
5.1.7 Адамға әсер ететін физикалық факторлар көзі (шу, діріл, ультрадыбыс, 
инфрадыбыстық әсер, жылу, иондаушы, иондамайтын және өзге сәулелер) болып 
табылатын қондырғылармен, құрылғылармен, аппараттармен жұмыс жағдайы адамға 
зиянды әсер етпеуі тиіс. Адамға әсер ететін физикалық факторлар көздері бар жұмыс 
жағдайының зиянсыздық өлшемі, сондай-ақ әсер етудің шекті жол берілген деңгейі 
санитарлық нормаларға және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын 
басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес белгіленеді.
5.1.8 Лифтілердің қауіпсіз жұмысына қол жеткізу мақсатында оларға ұсынылатын 
талаптарды орындау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет