ҚР ҚН 3.02-16-2014 15
5.6.1.7 Шу-дірілді қондырғылар бар үй-жайларды ұйықтайтын бӛлмелер үстіне
немесе астына жанастыра орналастыруға болмайды.
5.6.1.8 Ұйықтайтын үй-жайлар шу кӛздерінен оқшау орналастырылуға тиіс.
5.6.1.9 Стационарлық сауықтыру ұйымдарындағы ұйықтайтын, мәдени-бұқаралық
мақсаттағы және әкімшілік үй-жайлар тек жер үстіндегі қабаттарда орналастырылуға тиіс.
5.6.2 Тҧратын ҥй-жайлар 5.6.2.1 Тұруға арналған үй-жайлар тобының құрамында мыналар болуға тиіс:
а) тұрғын бӛлмелер;
б) санитарлық тораптар;
в) күндіз болатын бӛлмелер (немесе дәліздер);
г) ұстаздарға арналған санитарлық тораптар бар тұрғын бӛлмелер;
д) жалпы мақсаттағы тұрмыстық қызмет кӛрсету үй-жайлары.
5.6.2.2 Жыл бойғы лагерьлерде (мектеппен бірлескен кешендегі лагерьлерден басқа)
келіп-кетуге арналған үй-жайлардың жайлылық деңгейі бӛлмедегі орындар санына,
аумағына және тиісті санитарлық-технологиялық қондырғылардың болуына байланысты
болады.
5.6.2.3 Әр жасақтың (топтың) үй-жайларында дербес аумаққа шығатын жол болуға
тиіс.
5.6.3 Тамақтану ҥй-жайлары 5.6.3.1 Тамақтануға арналған үй-жайлар тобы қосымша келесі топтарға бӛлінуі тиіс:
тамақ үлестірілетін тамақтану залы, ӛндірістік үй-жайлар, азық-түлікті қабылдау, сақтау
үй-жайлары мен қызметтік-тұрмыстық үй-жайлар.
5.6.3.2 Бас жоспарда тамақтану блогы лагерьге кӛлікпен жақындауға болатын есікке
жақын орналасуы және қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес тұрғын
үй-жайлардан бірдей қашықтықта орналасуға тиіс.
5.6.3.3 Кӛлемдік-жоспарлық және конструктивтік шешімдер жолымен шикі азық-
түліктердің қарама-қарсы ағынын болдырмай, технологиялық процестер реттілігін,
жартылай дайындалған ӛнімдер мен дайын ӛнімдердің, таза және қолданылған ыдыс-
аяқтардың, келушілер мен қызметкерлердің қарсы жүрісін қарастырған жӛн.
5.6.3.4 Тамақтанатын залдарды лагерь топтары, жасақтар мен бӛлімшелердің белгілі
бір жайлылығы үшін шағын аймақтарға бӛлу қажет.
5.6.3.5 Тамақтану үй-жайларында шикізатпен немесе жартылай фабрикаттық
ӛнімдермен жұмыс істейтін ас әзірлейтін блок қарастырылады.