ҚР ҚН 3.02-16-2014
5
ж) балалар сауықтыру лагерьлері (орталықтар, кешендер, қала сыртындағы
сауықтыру лагерьлері мен күндізгі, шатырлы, киіз үйлі және басқа да лагерьлер);
к) балалар және жасӛспірімдер спорт мектебі;
л) балалар және жасӛспірімдердің олимпиадалық
резервтегі мамандандырылған
мектебі;
м) балалар қызығушылықтары мен қызмет бағытындағы басқа да ұйымдар;
н) балаларға арналған қосымша білім берудің оқу-әдістемелік орталығы.
Ескертпе - Оқу-әдістемелік орталықтар
республикалық, облыстық және аудандық болуы мүмкін.
Ғылыми-практикалық орталықтар республикалық және облыстық болуы мүмкін.
5.1.3 Балалардың және жасӛспірімдердің жаппай
демалу мекемелерін жобалау
функционалдық мақсатқа негізделуі тиіс.
5.1.4 Балалардың және жасӛспірімдердің жаппай демалу мекемелерін сейсмикалық
аймақта жобалаған және инженерлік іздестірулер жүргізген кезде ҚР ҚН 1.02-02 және
ғимараттарды сейсмикалық аудандарда жобалау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарын орындау міндетті.
5.1.5 Балалардың және жасӛспірімдердің жаппай демалу мекемелерін жобалау
кезінде құрылыс шарттарының аймақтық және ӛңірлік
талаптары, негізгі және қосалқы
ғимараттар мен құрылыстардың ерекшеліктері, құрамы мен саны есепке алынуға тиіс.
5.1.6 Мектептен тыс мекемелер желісін жобалау кезінде демографиялық жағдайлар
есептелінуге тиіс.
5.1.7 Оқушылар үйін жобалау кезінде үлгілік жобаларды
әзірлеу тәжірибесін
пайдалану қажет, оқушылар сарайында жергілікті шартпен анықталған үй-жайлардың
дербес құрамы болуға тиіс.
5.1.8 Балалардың және жасӛспірімдердің жаппай демалу мекемелерінің, сондай-ақ
ғимараттарға немесе құрылыстарға байланысты қауіпсіздік жобалау (зерттеуді қоса
алғанда), салу, пайдалану және кәдеге жарату барысын «Ғимараттар мен құрылыстардың,
құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»
техникалық регламентіне сәйкес қамтамасыз ету керек.
Достарыңызбен бөлісу: