Строительные нормы республики казахстан


 ЖҦМЫС СИПАТТАМАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР



Pdf көрінісі
бет8/52
Дата10.01.2023
өлшемі1,01 Mb.
#60849
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   52
5 ЖҦМЫС СИПАТТАМАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
 
5.1 Негізгі ережелер 
5.1.1 Балалардың және жасӛспірімдердің жаппай демалу мекемелерін «Ғимараттар 
мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне 
қойылатын талаптар» техникалық регламентінің, «Балалар мен жасӛспірімдерді тәрбиелеу 
және оларға білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық 
талаптар», «Санаторийлік және сауықтыру объектілеріне қойылатын санитарлық-
эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелерінің және жобалауға, құрылыс пен 
пайдалануға қойылатын талаптарды белгілейтін басқа да нормативтік-техникалық 
құжаттар талаптарына сәйкес жобалау керек.
5.1.2 Балалардың және жасӛспірімдердің жаппай демалу мекемелері мынадай 
түрлерге бӛлінеді: 
а) оқушылар сарайы (балалар және жасӛспірімдер шығармашылық үйлері, 
орталықтары мен кешендері және т. б.); 
б) жас табиғат зерттеушілер станциясы (балалар экологиялық орталықтары, 
биологиялық орталықтар, экобиоорталықтар); 
в) жас 
техниктер 
станциясы 
(балалар 
және 
жасӛспірімдер 
техникалық 
шығармашылығының орталықтары мен мектептері); 
г) жас саяхатшылар станциясы (балалар және жасӛспірімдер туризмі орталықтары); 
д) балалар аула және балалардың әскери-патриоттық клубы (басқа да клубтық бос 
уақыттық ұйымдар); 
е) балалар кӛркемӛнер мектептері (балалар музыка, кӛркемӛнер, балалар кӛркемӛнер 
және басқа да кӛркемдік-эстетикалық бағыттағы мектептер); 


ҚР ҚН 3.02-16-2014 

ж) балалар сауықтыру лагерьлері (орталықтар, кешендер, қала сыртындағы 
сауықтыру лагерьлері мен күндізгі, шатырлы, киіз үйлі және басқа да лагерьлер); 
к) балалар және жасӛспірімдер спорт мектебі; 
л) балалар және жасӛспірімдердің олимпиадалық резервтегі мамандандырылған 
мектебі; 
м) балалар қызығушылықтары мен қызмет бағытындағы басқа да ұйымдар; 
н) балаларға арналған қосымша білім берудің оқу-әдістемелік орталығы. 
Ескертпе - Оқу-әдістемелік орталықтар
республикалық, облыстық және аудандық болуы мүмкін. 
Ғылыми-практикалық орталықтар республикалық және облыстық болуы мүмкін. 
5.1.3 Балалардың және жасӛспірімдердің жаппай демалу мекемелерін жобалау 
функционалдық мақсатқа негізделуі тиіс.
5.1.4 Балалардың және жасӛспірімдердің жаппай демалу мекемелерін сейсмикалық 
аймақта жобалаған және инженерлік іздестірулер жүргізген кезде ҚР ҚН 1.02-02 және 
ғимараттарды сейсмикалық аудандарда жобалау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін 
қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарын орындау міндетті.
5.1.5 Балалардың және жасӛспірімдердің жаппай демалу мекемелерін жобалау 
кезінде құрылыс шарттарының аймақтық және ӛңірлік талаптары, негізгі және қосалқы 
ғимараттар мен құрылыстардың ерекшеліктері, құрамы мен саны есепке алынуға тиіс.
5.1.6 Мектептен тыс мекемелер желісін жобалау кезінде демографиялық жағдайлар 
есептелінуге тиіс.
5.1.7 Оқушылар үйін жобалау кезінде үлгілік жобаларды әзірлеу тәжірибесін 
пайдалану қажет, оқушылар сарайында жергілікті шартпен анықталған үй-жайлардың 
дербес құрамы болуға тиіс.
5.1.8 Балалардың және жасӛспірімдердің жаппай демалу мекемелерінің, сондай-ақ 
ғимараттарға немесе құрылыстарға байланысты қауіпсіздік жобалау (зерттеуді қоса 
алғанда), салу, пайдалану және кәдеге жарату барысын «Ғимараттар мен құрылыстардың, 
құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» 
техникалық регламентіне сәйкес қамтамасыз ету керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет