ҚР ҚН 3.02-07-2014* 16
5.4.2 Қоғамдық ғимараттардың негізгі ҥй-жайларына қойылатын талаптар 5.4.2.1 Ғимарат пен оның жүктелу және эвакуациялау жүйесінің мақсатына
байланысты:
- біріктірілген кіреберіс пен шығаберіс;
- бӛлек кіреберіс пен шығаберіс (дүкендерде, кинотеатрларда, мұражайларда және т.б.);
- ерлер мен әйелдерге арналған бӛлек кіреберістер мен шығаберістер (моншаларда,
спорт павильондарында және т. б.) жасауға жол беріледі.
5.4.2.2 Есіктерді орналастырған уақытта тамбурларда келесі есік ашылғанға дейін
бірінші есіктің ыңғайлы және толық жабылуын қамтамасыз ету қажет.
5.4.2.3 Тамбурларда дүңгіршіктер, лотоктар және адамдардың кедергісіз қозғалуына
кедергі келтіретін басқа да құрылғылар жасауға жол берілмейді.
5.4.2.4 Вестибюльдің жоспарлауы мен кеңістікті құрылымы ғимараттың арнауымен,
ӛлшемімен және сыйымдылығымен айқындалуы керек.
5.4.2.5 Вестибюльдердің саны ғимаратқа кіретін кіреберіс санына байланысты.
5.4.2.6 Вестибюльдің кеңістігі адамдар ағымы емін-еркін орналасуы үшін барынша
бос болуы тиіс.
5.4.2.7 Гардеробтар кіреберістің қасында, бірақ вестибюль мен баспалдақтар,
лифтілер, залдар және ғимараттың басқа да бӛліктері арасындағы байланысты
бұзбайтындай қозғалыс жолынан біраз шетте орналасуы керек.
5.4.2.8 Гигиеналық үй-жайларды басқа үй-жайлардан оқшау, бір қабаттың
жоспарында да, тігінен де (бір-бірінің үстінде) ерекше тораптарға топтастыру қажет.
5.4.2.9 Санитарлық тораптардағы аспаптар (унитаздар, душтар, қол жуатын орындар
және т. б.) саны мен олардың ауданы ғимараттағы адамдар санына қарай айқындалады.
Аспаптар санының есебі ғимараттағы ерлер мен әйелдер арақатынасын ескере отырып
жүргізіліп, ғимараттың түріне байланысты болады.
5.4.2.10 Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қосалқы үй-жайларының
құрамына киім сақтайтын орын, демалу аймағы бар ойын бӛлмесі, дәретхана, сондай-ақ
буфет пен қызметкерлерге арналған дәретхана енгізілуі керек.
5.4.2.11 Әртүрлі жастағы топтардың топтасқан ұяшықтарын бір-бірінен және мектепке
дейінгі білім беру ұйымдарының басқа үй-жайларынан оқшау орналастыру қажет.
Жоғары қабаттарда орналасқан сырт киім шешетін орындар, мектепке дейінгі жастағы
балалар топтарының киім шешетін орындары тӛменгі қабатқа орналастырыла алады.
5.4.2.12 Мектепке дейінгі білім беру және оқыту ұйымдарының ғимараттарындағы
жылытылатын үй-жайлар – әйнектелген веранда-оранжереялар, сондай-ақ ашық үй-
жайлар – ашық террасалар, терраса-манеждер, терраса-солярийлер ҚР ҚН 3.02-10
бойынша жобалануы тиіс.
5.4.2.13 Жалпы білім беру мекемелері мен интернат ұйымдарының ғимараттарында
білім беру (ағарту) және санитарлық қадағалау органдарының келісімі бойынша ауданы
олардың құрамындағы медициналық үй-жайларды қарастыру қажет.
5.4.2.14 1-4 сыныптарға арналған оқу секцияларын жас мӛлшері басқа топтардағы
оқушылар ӛтпейтіндей оқшау жобалануы тиіс.