Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет21/65
Дата03.05.2023
өлшемі1,43 Mb.
#89271
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   65
Байланысты:
3 02 07 2014

ҚР ҚН 3.02-07-2014* 
19 
тұрғын үй-жайларға, кӛрермендер залдарына және оқу залдарына, клуб және жұмыс үй-
жайларына және адамдар үнемі іште болатын кабинеттерге тура жанаспауы тиіс.
Емдеу және амбулаторлық-поликлиникалық мекемелерде, санаторийлерде шахталар 
мен лифтілер машиналары мен кӛтергіштері тұратын үй-жайларды палаталар мен емдеу- 
диагностикалау кабинеттерінен шу естілмейтін қашықтықта орналастыру қажет.
5.4.4.7 Лифт шахталарының есіктері жертӛлелік және цокольдық қабаттарда ӛртке 
қарсы арақабырғалармен қоршалған тамбур-шлюздерге шығу керек. Тамбур-шлюздердің 
есіктері ӛртке қарсы, ӛздігінен жабылатын, нығыздалған жаппасы болу керек, ал лифт 
шахталары жақтан жанатын материалдардан (әйнектелмеген) жасалған болады.
5.4.4.8 Эскалаторларды әмбебап дүкендерде, бекеттерде, метро бекеттерінде және 
жүріп-тұратын адамдар кӛп болатын басқа да орындарда пайдалану ұсынылады. 
Эскалаторлар жолаушылардың барынша үлкен қарқынмен тоқтаусыз кӛтеріліп 
қамтамасыз ету қажет. 
5.4.4.9 Эскалаторларды адамдар ағымының қозғалу бағыты мен кӛлеміне сәйкес 
орналастыру қажет.
5.4.4.10 Ӛрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін эскалаторлар ғимарат қабаттарының 
арасындағы байланыс құралдары ретінде отқа тӛзімді баспалдақ торларында орналасқан 
кәдімгі баспалдақтармен қосарлану қажет. Мұндай кезде баспалдақтардың эвакуациялық 
ӛткізу қабілеті бүкіл орнатылған эскалаторлардың ең жоғары ӛткізу қабілетінен тӛмен 
болмауы тиіс. 
5.4.5 Қоқыстарды шығару және шаңдарды тазалау  
5.4.5.1 Қоғамдық ғимараттарда қоқыстарды шығару және шаңды тазалау, қоқысты 
уақытша (санитарлық нормалар шегінде) сақтау жүйесін және қоқыстың шығарылу 
мүмкіншілігін қарастыру қажет.
Қоқыстарды ғимараттан шығару құралдары ғимарат орналасқан елді мекенде 
қабылданған тазалау жүйесімен байланыстырылуы керек.
5.4.5.2 Ірі қоғамдық ғимараттар мен кешендерде қоқыс шығарудың пневматикалық 
жүйелерін оларды пайдаланудың техника-экономикалық мақсаттылығына қарай айқындау 
қажет.
Қоқыс құбырларын басқа қоғамдық ғимараттарға жасау қажеттілігі пайдалану 
қажеттілігі кезінде белгіленеді.
5.4.5.3 Қоқыс құбырларымен жабдықталмаған ғимараттар үшін қоқыс жинау 
камерасын немесе шаруашылық алаңқай (қалаларда қатты жабынды болуы міндетті) 
қарастырылуы керек.
Сауда және қоғамдық тамақтану объектілерінде тамақ қалдықтары мұздатқыш 
камераларда немесе басқа да суытылатын үй-жайларда уақытша сақталуы керек.
5.4.5.4 Стационарлық емдеу мекемелерінде қоқыс салғыштар жобалауға жол 
беріледі. «Ӛндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, 
залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және кӛмуге қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережесінің талаптарына сәйкес медициналық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет